01.01.2017, 00:03 3744

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын жаӊа 2017 жылмен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын жаӊа 2017 жылмен құттықтады

Астана. 31 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын жаӊа 2017 жылмен құттықтады,- деп хабарлайды Ақорда.

Елбасы өз құттықтауында былай деді:

"Санаулы сәттерден соӊ біз Жаӊа 2017 жылға қадам басамыз.

Өтіп бара жатқан Мешін жылы еліміз үшін ерекше мерейлі меже болды.

Биыл бүкіл халық болып, қастерлі Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығын атап өттік.

Жас мемлекеттіӊ ширек ғасырлық шежіресі ел тарихында алтын әріппен жазылды.

Бұл - біздіӊ маӊдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт.

Жаӊа жылды қарсы алар сәтте береке-бірлігі жарасқан халқыма зор алғыс айтамын!

Биылғы мерейтойлық жыл біз үшін бірқатар маӊызды шараларға толы болды.

Елдіӊ саяси өміріндегі елеулі науқан - Парламент сайлауын өткіздік.

Ұлы мақсат көздеген Ұлт жоспарыныӊ алғашқы жылын табысты аяқтадық.

Алдағы 2017 жылдыӊ еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ.

Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретінде қызметін бастайтын болады.

Бұл - кез келген мемлекет қол жеткізе бермейтін асқақ абырой, мәртебелі міндет.

Келер жылы Астана меймандары "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде бас қосатын болады.

Сонымен қатар, Алматыда дүние жүзілік Қысқы универсиаданыӊ алауы жағылады.

Еӊселі елордамызда Ислам ынтымақтастық ұйымыныӊ саммиті өтеді.

Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды.

Халықтыӊ әл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамытуға арналған шаралар жалғасын табады.

Біз енді Тәуелсіз еліміз үшін жаӊа 25 жылдықтыӊ жарқын парағын ашамыз.

Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаӊа жыл табысты да тағылымды жыл болсын!

Баршаӊызға зор денсаулық, мол бақыт, елімізге бүгінгіден де биік жетістіктер тілеймін!

Жаӊа жыл құтты болсын!".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны