13.09.2018, 21:14 4381

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардыӊ стратегиялық сипатын атап өтті

Қазақстан Президенті түрік инвесторларын Ақтау және Құрық порттары негізінде жұмыс істеп жатқан көлік-логистика хабын дамытуға белсенді атсалысуға шақырды.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерініӊ алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсеткені үшін Түркия Республикасыныӊ Президенті Режеп Ердоғанға ризашылық білдіріп, өткен президент сайлауындағы жеӊісімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардыӊ стратегиялық сипатын атап өтті.

- Ортақ тарих пен рухани құндылықтарға негізделген қарым-қарынастарымыз қарқынды дамып, барлық бағыттар бойынша нығая түсуде, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Түркия Республикасыныӊ Президенті Режеп Ердоғанмен өткен келіссөз нәтижелеріне жан-жақты тоқталды.

- Бүгін Түркия Президентімен мазмұнды әрі нәтижелі келіссөз өткіздік. Бұл кездесу өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік берді. Жалпы, Астана мен Анкара өӊірлік және халықаралық проблемаларды әрдайым ашық талқылайтынын атап өткім келеді. Бұл мәселелер бойынша біздіӊ ұстанымдарымыз ұқсас, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өткен Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деӊгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеӊесініӊ үшінші отырысы екі жақты қатынастарға одан әрі тыӊ серпін беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы екі елдіӊ саяси диалог пен бауырлас халықтардыӊ достығын әрі қарай нығайтып, тереӊдете түсуге мүдделі екенін айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.

- Қазір елімізде түрік капиталыныӊ қатысуымен құрылған 1800-ден астам кәсіпорын бар. Тауар айналымыныӊ көлемі өткен жылы шамамен 2 миллиард доллар болды. Бұл көрсеткішті болашақта 5 миллиард долларға жеткіземіз деп келістік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев "Жаӊа синергия" атты бірлескен бағдарламаны жүзеге асырудыӊ аралық қорытындыларын атап өтіп, "түрік бизнесініӊ капитандарымен" жүргізілген келіссөздердіӊ нәтижелеріне тоқталды.

- Жалпы, сапарым барысында құны 2 миллиард долларға жуық коммерциялық жобаларға қатысты келісімдерге қол қойылды. Алдағы уақытта бүгінгі қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін күш жұмылдыруымыз қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті түрік инвесторларын Ақтау және Құрық порттары негізінде жұмыс істеп жатқан көлік-логистика хабын дамытуға белсенді атсалысуға шақырды.

- Бүгінгі келіссөздер барысында біз көлік-транзит, мұнай-газ, әскери-техникалық, ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет, білім, ғылым және технология салаларындағы ынтымақтастығымызды талқыладық. Біз осы бағыттар бойынша өзара ықпалдастығымызды нығайтуға уағдаластық, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Р.Ердоған Қазақстан Президентіне ресми сапары үшін ризашылық білдіріп, өткен кездесулердіӊ нәтижесін жоғары бағалады.

Түркия Республикасыныӊ Президенті сауда-экономикалық байланыстарды кеӊейту, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты тереӊдету мәселелеріне қатысты келіссөздердіӊ маӊызды нәтижелеріне тоқталып, оныӊ оӊ қарқынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны