21.09.2009, 09:06 1632

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

"30 күн тұтқан Оразада тілеген тілектеріңіз қабыл болсын. Сол тілектеріңізді Алла қабыл етсін. Қазақстан халқы бейбіт, тұрақты және достықта өмір сүрсін. Бұл біздің елімізге өсіп-өркендеу әкеледі",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше орталық "Нұр Астана" мешітіне келіп, Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның барша мұсылмандарына ізгі тілектер тіледі.

"30 күн тұтқан Оразада тілеген тілектеріңіз қабыл болсын. Сол тілектеріңізді Алла қабыл етсін. Қазақстан халқы бейбіт, тұрақты және достықта өмір сүрсін. Бұл біздің елімізге өсіп-өркендеу әкеледі",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент мешітке келіп, ораза ұстап, исламның өзге парыздарын сақтаумен шектеліп қалмау керектігіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың атынан әлемнің барлық мұсылмандарын мерекемен құттықтады.

"Сіздердің тілектеріңіз қабыл болсын", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны