Система Orphus

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің бір топ депутаттарын қабылдады

24.12.2008, 18:26 2468

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің бір топ депутаттарын қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, депутаттар мемлекет басшысын төртінші шақырылымдағы парламент мәжілісінің әлемдік қаржы дағдарысының кері ықпал етуі жағдайында экономиканы қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы заңдар топтамасын қалыптастыру жөніндегі заң шығарушылық жұмысы жөнінде хабардар етті.

Кездесу барысында сондай-ақ "Нұр Отан" ХДП парламенттік фракциясының қызметі мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны