31.08.2018, 14:54 8706

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясы күніне арналған халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті

Елбасы тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстандағы конституционализмніӊ даму тарихына тоқталды.

Астана. 30 тамыз. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев 29 тамызда Қазақстан Республикасыныӊ Конституциясы күніне арналған халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстанға келіп, Конституция күнін бірге мерекелегені үшін жиынға қатысушыларға ризашылық білдірді, сондай-ақ көптеген халықаралық сарапшылар қатысқан бұл конференция құқықтық мемлекет құру жөнінде ілім-білім алмасуға зор мүмкіндік бергенін атап өтті.

- Біз конституциялық құрылым ісіндегі ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігін жоғары бағалаймыз. Құнды кеӊестер мен ұсынымдар үшін ризашылық білдіреміз, - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстандағы конституционализмніӊ даму тарихына тоқталды.

- 1995 жылғы көктемде бір топ заӊгер ғалымдармен бірлесіп, бізге қандай конституция қабылдау қажеттігін талқыладық. Мен өзім еліміз үшін қолайлы ережелерді іздестіру мақсатымен Еуропаныӊ, Америка мен Азияныӊ 20 елініӊ конституцияларын жете зерттедім. Себебі, біз басқа мемлекеттіӊ конституциясын сол күйінде көшіріп ала алмаймыз. Осылайша, 1995 жылғы тамызда жалпыхалықтық референдумда азаматтарымыздыӊ басым көпшілігі қолдаған конституцияны қабылдадық. Бұл құжат бүгінде біздіӊ өмірімізге арқау болып, мемлекетімізді қалыптастырып, тәуелсіздігімізді нығайтып отырған негізгі заӊға айналды. Конституциямыз уақыт талабына сай үнемі реформаланып, жетілдірілуде. Мәселен, өткен жылдыӊ басында мен Президенттіӊ бірқатар өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке олардыӊ дербестігін әрі жауапкершілік аясын кеӊейте отырып қайта бөлу жөніндегі конституциялық реформаға бастамашы болдым, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ Негізгі заӊныӊ жоғары заӊдық күшін қамтамасыз ету барысында құқық үстемдігін орнықтыру саясатын мақсатты түрде жүргізіп отырғанына тоқталып, еліміздіӊ әлемдік аренадағы жетістіктері оныӊ халықаралық беделін және Конституциямызда белгіленген бейбітсүйгіш сыртқы саяси қағидаттарымыздыӊ тиімділігін көрсететінін атап өтті.

- Қазақстанныӊ жетістіктері халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалғаны айдан анық. Біз ширек ғасыр ішінде экономикамызды 22 есе өсіріп, қазақстандықтардыӊ тұрмыс сапасын жақсарттық. Жұртшылық өздерініӊ діни салтын еркін ұстанып, өз ана тілінде сөйлей алатын, сондай-ақ мәдениетін сақтайтын көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет құрдық. Биыл Астанада өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ VI съезі соныӊ дәлелі, - деді Қазақстан Президенті.

Халықаралық сарапшылар Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Конституция күнін мерекелеу түрлі институттар арасындағы қатынастарды реттеудіӊ берік негізі әрі құқықтар мен бостандықтарды қорғаудыӊ кепілі саналатын еӊ маӊызды құжаттыӊ мәні зор екенін айғақтайтынын атап өтті.

- Конституция күнін мерекелеу азаматтардыӊ, соныӊ ішінде жастардыӊ арасында конституциялық құндылықтарды дәріптеп, таратуға бағытталған тәрбиелік сипаттағы өркениет белгісі саналады. Сондай-ақ, қоғамдық үйлесімділікті, тыныштық пен тұрақтылықты жүзеге асыру жолындағы ұмтылыстыӊ бағыты дұрыс екенін көрсетеді, - деді Алжир Халық Демократиялық Республикасы Конституциялық кеӊесініӊ төрағасы М.Меделчи.

Соӊында Мемлекет басшысы конституциялық заӊдылықты қамтамасыз ету ісіндегі негізгі рөл құқық үстемдігін сақтауды көздейтін конституциялық әділет органдарына тиесілі екенін айтты.

Жиынға Қазақстан Республикасы Конституциялық кеӊесініӊ төрағасы Қ.Мәми, Изербайжан Республикасы Конституциялық сотыныӊ төрағасы Ф.Абдуллаев, Алжир Халық Демократиялық Республикасы Конституциялық кеӊесініӊ төрағасы М.Меделчи, Армения Конституциялық сотыныӊ төрағасы Г.Товмасян, Болгария Конституциялық сотыныӊ төрағасы Б.Велчев, Латвия Республикасы Конституциялық сотыныӊ төрағасы И.Зиемеле, Конституциялық әділ сот жөніндегі дүниежүзілік конференцияныӊ Бас хатшысы Ш.Дюрр, Еуразиялық Экономикалық Одақ сотыныӊ төрағасы Ж.Бәйішев, Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі басшысыныӊ орынбасары И.Рақышева қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны