05.01.2017, 20:27 4539

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы жарлыққа қол қойды

Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрлігі қайта ұйымдастырылады.

Астана. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Жарлығы шықты, деп хабарлайды Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Жарлық мәтінінде былай делінген:

Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Мемлекеттік басқару жүйесініӊ тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне: халықтыӊ көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру; құзыреті шегінде шет мемлекеттердіӊ уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып; 2) Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасыныӊ Ішкі істер министрлігіне оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудыӊ өӊірлік квоталарын, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметіне енгізу, Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, еӊбекші көшіп-қонушылар мен этникалық қазақтардыӊ бірыӊғай дерекқорын қалыптастыру, құзыреті шегінде Қазақстан Республикасыныӊ халықтыӊ көші-қоны туралы заӊнамасыныӊ сақталуын бақылау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, көшi-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіру және іске асыру, көші-қон процестерін мониторингтеу, талдау және болжамдау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі: 1) қайта бөлiнетiн штат саны шеӊберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігініӊ Көші-қон қызметі комитетін құруды; 2) Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар арасында штат санын қайта бөлуді; 3) 2017 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасыныӊ 2017 - 2021 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын әзірлеуді; 4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы Жарлықтыӊ орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентініӊ Икімшілігіне жүктелсін. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы 30 желтоқсан № 401

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны