12.09.2016, 13:10 3521

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Елбасы өз сөзінде: "Қазақстан табысты дамыған 25 жылда Құрбан айт шын мәнінде Ел бірлігі мен қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайта түсуге бірегей ықпал еткен айтулы мейрамға айналды. Осынау қасиетті мереке күндері әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім, амандық және құт-береке тілеймін! Шаӊырақтарыӊыз шаттық пен бақытқа толсын!",- деді.

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

"Қымбатты қазақстандықтар! Баршаӊызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Жасампаздықтыӊ, ізгілік пен мейірбандықтыӊ нышаны болған осынау жарқын мереке адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейді. Ол қазақстандықтардыӊ жүрегіне жақындарына деген сүйіспеншілік ұялатады, адамгершілік құндылықтарды нығайта отырып, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға жетелейді және рухани дәстүрлерге баулиды",- делінген құттықтауда.

Сондай-ақ, Елбасы өз сөзінде: "Қазақстан табысты дамыған 25 жылда Құрбан айт шын мәнінде Ел бірлігі мен қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайта түсуге бірегей ықпал еткен айтулы мейрамға айналды. Осынау қасиетті мереке күндері әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім, амандық және құт-береке тілеймін! Шаӊырақтарыӊыз шаттық пен бақытқа толсын!",- деді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны