01.09.2017, 20:21 6214

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Біздіӊ елімізде Құрбан айт әртүрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтыӊ, достық пен бірліктіӊ бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді. Қазақстан халқыныӊ ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді. Біздіӊ елімізде осынау жарқын мейрамныӊ алғашқы күні арнайы демалыс күні ретінде жарияланып, адамдардыӊ құрбан шалуына, аллаға жалбарынып, ізгі тілектер тілеуіне барлық жағдай жасалған.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Ақорда.

Елбасыныӊ құттықтауында былай делінген:

Құрметті отандастар!

Баршаӊызды әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт - ізгілік пен мейірбандықтыӊ, жақсылық пен қайырымдылықтыӊ мейрамы.

Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.

Біздіӊ елімізде Құрбан айт әртүрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтыӊ, достық пен бірліктіӊ бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді.

Қазақстан халқыныӊ ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді.

Біздіӊ елімізде осынау жарқын мейрамныӊ алғашқы күні арнайы демалыс күні ретінде жарияланып, адамдардыӊ құрбан шалуына, аллаға жалбарынып, ізгі тілектер тілеуіне барлық жағдай жасалған.

Баршаӊызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық пен өсіп-өркендеу тілеймін!

Айт қабыл болсын!

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны