07.01.2017, 14:54 4251

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады

Қазақстанда православие қауымы басқа конфессиялардыӊ қатарында еліміздіӊ өміріне белсене атсалысып, халықтыӊ бірлігіне, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогқа баға жетпес үлесін қосып келеді.

Астана. 7 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады,- деп хабарлайды Ақорда.

Құттықтау мәтінінде былай делінген:

"Қымбатты отандастар!

Православие христиандарын Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке қоғам өміріндегі жоғары адамгершілік бастамаларды нығайтатын өшпес рухани және моральдық құндылықтарды сақтауға ықпал етеді.

Рождество - бұл әлемніӊ жаӊаруыныӊ, игілік пен әділдіктіӊ, қайырымдылықтыӊ және көмек пен қамқорлыққа зәру адамдарға шынайы көӊіл бөлудіӊ нышаны.

Қазақстанда православие қауымы басқа конфессиялардыӊ қатарында еліміздіӊ өміріне белсене атсалысып, халықтыӊ бірлігіне, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогқа баға жетпес үлесін қосып келеді.

Мұныӊ барлығы біздіӊ қазақстандық татулық пен жасампаздық, көркею мен даму моделініӊ негіздерін нығайтуға ықпал етеді.

Рождество мерекесінде баршаӊызға бақыт, сәттілік пен амандық-саулық тілеймін!".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны