08.09.2009, 18:49 2692

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Эстония премьер-министрі Андрус Ансипті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Эстония премьер-министрі Андрус Ансипті қабылдады

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Эстония Республикасының премьер-министрі Андрус Ансипті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды. Оларды жандандыру қажеттігі атап өтілді. Сондықтан, кездесу барысында атап өтілгендей, Қазақстан мен Эстонияның сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясын құруды жеделдетудің маңызы зор.

Ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық бағыттары энергетика, ақпараттық және телекоммуникациялық технология, құрылыс индустриясы, ағаш өңдеу өнеркәсібі, логистикалық қызмет көрсету болып табылады. Қазақстан мен Эстония ынтымақтастығы ауыл шаруашылығы саласында үлкен әлеуетке ие.

"Мен президент Нұрсұлтан Назарбаевқа біздің президентіміз Томас Хендрик Ильвестің жүрекжарды сәлемін және оны Эстонияға іссапармен келіп қайтуға шақыруын жеткіздім. Сіздердің елдеріңіздің лидері Нұрсұлтан Назарбаев Эстонияда өте танымал және құрметке ие", - деді журналистерге арналған брифингте Андрус Ансип.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны