16.01.2017, 14:31 4273

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасыныӊ Президенті Алмазбек Атамбаевқа көӊіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті ұшақ апаты салдарынан Бішкек қаласыныӊ маӊында көптеген адамныӊ қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Астана. 16 қаӊтар. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасыныӊ Президенті Алмазбек Атамбаевқа көӊіл айту жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті ұшақ апаты салдарынан Бішкек қаласыныӊ маӊында көптеген адамныӊ қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан қаза болғандардыӊ туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша қырғыз халқына көӊіл айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны