18.10.2016, 09:00 3849

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанныӊ өзара іс-қимылыныӊ басты бағыттары және екі елдіӊ бірлескен жұмысыныӊ алдағы перспективалы салалары талқыланды.

Астана. 18 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қырғыз Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанныӊ өзара іс-қимылыныӊ басты бағыттары және екі елдіӊ бірлескен жұмысыныӊ алдағы перспективалы салалары талқыланды.

Бұдан бөлек, тараптар өӊірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи достық және тығыз ынтымақтастық байланыстырып отырғанын атап өтті.

- Елдеріӊіз біздіӊ жақын көршіміз әрі серіктесіміз болып саналады. Арамызда ешқандай шешілмеген мәселе болмауға тиіс және қарым-қатынасымыз басқаларға үлгі болуы керек. Илемдегі күрделі экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, бірге болуымыз қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Э.Абдылдаев Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтыӊ сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастықтыӊ одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны