04.04.2017, 17:56 4515

Нұрсұлтан Назарбаев Маӊғыстау облысыныӊ жұртшылығымен кездесті

4 сәуір күні Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маӊғыстау облысына жұмыс сапары барысында аймақтыӊ жұртшылығымен кездесті,-деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - 4 сәуір күні Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маӊғыстау облысына жұмыс сапары барысында аймақтыӊ жұртшылығымен кездесті,-деп хабарлайды Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов Елбасына өӊірдіӊ негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады.

Ералы Тоғжанов "ағымдағы жылдыӊ соӊына дейін өӊірлік экономиканыӊ өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті жұмыстар жасалатынын" айтты. Сондай-ақ, аймақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне зор мән беріліп, мемлекеттік-жеке-меншік әріптестікті дамыту жұмыстары күшейтіледі. Бүгін де Маӊғыстау облысындағы барлық апаттық жағдайдағы мектептер жойылған.

- Туу көрсеткішінініӊ жоғарылығы мен халықтыӊ көші-қоны бізге бала-бақшалар мен мектептердіӊ құрылысын тездетуді міндеттейді. Тапшылықты болдырмау мақсатында осы жылы бірден 8 жаӊа мектептіӊ құрылысын бастаймыз. Ол үшін республикалық бюджеттен 11 млрд. теӊгеден астам қаражат бөлінді. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік механизмдерін пайдалану арқылы бала-бақшалар санын 35-ке дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, осы жылы ірі денсаулық сақтау нысандарыныӊ құрылыстары үшін, ол - Ақтау қаласындағы ауысымына 500 науқасты қабылдайтын емхана мен 300 төсекті көп салалы аурухананыӊ, Жаӊаөзен қаласындағы медициналық орталықтыӊ құрылыстарына арнап жеке-меншік инвестицияны тарту көзделуде. Аймақтағы мемлекеттік-жеке-меншік әріптестіктіӊ даму қарқыны бар. Сіздіӊ тапсырмаӊызға сәйкес біз оны әрі қарай жетілдіретін боламыз, - деп атап өтті Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар, аймақ басшысы жаӊа "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы арқылы тұрғын үйлер салу қарқынын әрі қарай дамытатынын және облыс орталығындағы жаӊа шағын аудандардыӊ құрылысы үшін инвестиция тартатынын, көпшілік кәсіпкерлік пен тиімді жұмыспен қамту бойынша жаӊа бағдарламаны жүзеге асыруды жетілдіретінін айтып өтті. 2017 жылы 1 млрд.теӊгеден астам қаржыға 250 шағын несие бөлу, 165 бизнес-бастамаларды субсидиялау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы облыс бойынша 26 мыӊ жұмыс орнын ашу көзделуде.

- Өӊірлік экономиканы дамыту бойынша жүзеге асырылатын шаралар мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету, еӊ алдымен, жұмыспен қамтылуды сақтауға, жаӊа жұмыс орындарын құруға, еӊбек мобильділігін арттыруға, өӊірдіӊ кәсіпорындарындағы көпшілік қысқартуларды болдырмауға бағытталады, - деді Ералы Тоғжанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны