11.07.2017, 18:25 3913

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Аталмыш Заӊ әлеуметтік бағдары бар мақсатты мемлекеттік қаржы құралы ретінде МБЖЖ-ны дамытудыӊ заӊнамалық негізін жетілдіруді ұсынады

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі - МБЖЖ) мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына қол қойды.

Аталмыш Заӊ әлеуметтік бағдары бар мақсатты мемлекеттік қаржы құралы ретінде МБЖЖ-ны дамытудыӊ заӊнамалық негізін жетілдіруді ұсынады және мына міндеттерді шешуге бағытталған:

1. мемлекеттен 7% мөлшерінде көтермеленген сыйлықақыны алуға құқығы бар жетім балалардыӊ және ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балалардыӊ санын арттыру;

2. барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында міндетті түрде филиалдарыныӊ болуы туралы талапты алып тастау арқылы МБЖЖ-ға қатысушы банктердіӊ қатарын кеӊейту;

3. алдыӊғы кезеӊдер үшін мемлекет сыйлықақысын есептеу, сондай-ақ артық есептелген мемлекет сыйлықақысын қайтару мүмкіндігі;

4. салымшыныӊ кез келген борыш түрлері бойынша мемлекеттік білім беру жинақтау салымына түскен мемлекет сыйлықақысын акцептісіз есептен шығаруды шектеу бөлігінде нормативтік құқықтық актілердіӊ нормаларын сәйкес келтіру

МБЖЖ халық арасында үлкен қызығушылық тудыруда. Салыстырмалы түрде алғанда, бұл қаржы құралыныӊ жаӊалық болып табылатындығынажәне білім беру жинақтау салымдары тек 2013 жылдан ғана ашыла бастағандығына қарамастан қазіргі уақытта әрекет ететін салымдардыӊ саны 16 мыӊға жуықтап, олардыӊ жалпы сомасы 12 млрд.теӊгеге жетті.

Нарықтық экономика жағдайында ақылы білім алудыӊжоғары және кәсіптік білім беру саласында алатын үлесі зор, ал бұл оқуға қаражат жинақтау мәдениетін қалыптастырудыӊ маӊыздылығын өзектендіре түседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны