09.05.2018, 20:49 3781

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения Республикасыныӊ премьер-министрі лауазымына сайлануымен құттықтады

"Екі мемлекет арасында қалыптасқан достық пен өзара түсіністік қатынастар Қазақстан мен Арменияныӊ өзара ықпалдастығын дәстүрлі серіктестік рухында кеӊейте түсу үшін және халықтарымыздыӊ игілігі жолында алдағы уақытта да берік негіз бола береді деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Алматы. 9 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасыныӊ Премьер-Министрі лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения Республикасыныӊ премьер-министрі лауазымына сайлануымен құттықтады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Н.Пашинянныӊ басшылығымен Армения орнықты дамуға және ел тұрғындарыныӊ әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатты жалғастыра беретініне сенім білдірді.

"Екі мемлекет арасында қалыптасқан достық пен өзара түсіністік қатынастар Қазақстан мен Арменияныӊ өзара ықпалдастығын дәстүрлі серіктестік рухында кеӊейте түсу үшін және халықтарымыздыӊ игілігі жолында алдағы уақытта да берік негіз бола береді деп сенемін", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны