06.07.2018, 21:59 6990

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерініӊ басшыларына "Астана" халықаралық қаржы орталығын таныстырды

Таныстырылым барысында Қазақстанда инновациялық қаржы технологияларын дамыту мен ілгерілету үшін қолайлы экожүйені қалыптастыруға бағытталған бірқатар жобалар көрсетілді. Соныӊ ішінде, e-Justice (АХҚО цифрлық сот төрелігі жүйесі), цифрлық криптобиржа, криптовалюталар үшін депозитарий, қаржылық супермаркет, киберқауіпсіздік орталығы, ислам қаржы технологиялары, халықаралық стартап бағдарламалары мен басқа да жобалар бар.

Астана. 6 шілде. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерініӊ басшыларымен бірге "Астана" халықаралық қаржы орталығын таныстыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасыныӊ Президенті Сооронбай Жээнбековпен, Тәжікстан Республикасыныӊ Президенті Эмомали Рахмонмен, Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ ашылуына арналған цифрландыру көрмесін аралап көрді.

Қазақстан Президенті инновациялық қаржы технологияларын дамытуды көздейтін тиімді ортаны қалыптастыру "Астана" халықаралық қаржы орталығы қызметініӊ бірден-бір маӊызды бағыты екенін айтты.

- "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ жұмысына қатысушылар үшін Қазақстанныӊ ғана емес, бүкіл әлемніӊ капиталы қолжетімді болады. Қаржы орталығында посткеӊестік кеӊістікте баламасы жоқ, бұрын-соӊды болмаған жағдайлар жасалды. Кеше ғана біз салтанатты жағдайда заманауи жоғары технологиялы инфрақұрылымы бар "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасыныӊ жұмысын бастадық. Бүгінде оныӊ қызметіне америкалық НАСДАК биржасы және Шанхай қор биржасы қатысып отыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Таныстырылым барысында Қазақстанда инновациялық қаржы технологияларын дамыту мен ілгерілету үшін қолайлы экожүйені қалыптастыруға бағытталған бірқатар жобалар көрсетілді. Соныӊ ішінде, e-Justice (АХҚО цифрлық сот төрелігі жүйесі), цифрлық криптобиржа, криптовалюталар үшін депозитарий, қаржылық супермаркет, киберқауіпсіздік орталығы, ислам қаржы технологиялары, халықаралық стартап бағдарламалары мен басқа да жобалар бар.

"Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ басқарушысы Қайрат Келімбетов Орталық Азия елдерініӊ басшыларына қаржы орталығы қызметініӊ негізгі қағидаттары және өӊірдіӊ қаржы жүйелері үшін жол ашатын мүмкіндіктер жөнінде әӊгімелеп, Жібек жолыныӊ бойында орналасқан елдердіӊ кәсіпкерлерін қаржы орталығыныӊ қызметіне белсенді атсалысуға шақырды.

Сондай-ақ, таныстырылым рәсімінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотыныӊ төрағасы Лорд Гарри Кеннет Вульф және қаржы орталығыныӊ басқарушы директоры, үздіксіз кәсіби даму бюросыныӊ кураторы Ернұр Рысмағамбетов сөз сөйледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны