15.10.2007, 18:56 3018

Нұрсұлтан Назарбаев пен Махмұд Ахмадинежад шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді

Нұрсұлтан Назарбаев пен Махмұд Ахмадинежад шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Астана. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін ресми сапармен Иран Ислам Республикасына келген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен осы елдің президенті Махмұд Ахмадинежад Иран президентінің сарайындағы салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды агенттік мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар кең ауқымды өңірлік мәселелерді және екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.

Мемлекет басшылары қазақстан-иран қарым-қатынастарының даму қарқынын қанағаттанарлық сезіммен атап өтті және екі мемлекеттің арасында ұдайы саяси үнқатысу саясатын ұстанатынын, өзара сауда-саттықты өсіру, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту қажеттігін атап көрсетті.

Иран маңызды көрші және өңірдегі ірі мемлекет болып табылады, осы ретте Қазақстан Иранмен арадағы қарым-қатынастарды бір-бірінің ұлттық мүдделерін құрметтей отырып, сындарлы рухта дамытуға мүдделі. Бүгінде екі мемлекет БҰҰ, Ислам Конференциясы ұйымы, ШЫҰ, АӨСШК, Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы аясында өзара ықпалдастық орнатып отыр.

Келіссөздер барысында мемлекет басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық Қазақстан мен Иран арасындағы кең ауқымды әріптестіктің негізі болып табылатынын атап өтті. Мемлекет басшылары энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін қарастырды және қазақстандық мұнайды Иранға тасымалдаудың өзара тиімді шараларын жалғастыруға ниет білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны