06.09.2017, 19:14 4521

Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасыныӊ Президенті Анджей Дудамен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасыныӊ Президенті Анджей Дудамен кездесті, - деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасыныӊ Президенті Анджей Дудамен кездесті, - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А.Дудаға "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында Польшаныӊ ұлттық күнін өткізуге қатысқаны үшін алғыс білдірді.

- Бүгін біз Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысамыз. Былтырғы тамызда Польшаға жасаған сапарымды жылы сезіммен еске аламын. Мұндай байланыстар екі елдіӊ ынтымақтасуға деген ниетініӊ зор екенін білдіреді, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты өзара іс-қимылды кеӊейту үшін ешқандай кедергі жоқ екенін атап өтті.

- Қазақстан поляк бизнесмендері үшін ашық. Сіздіӊ өтінішіӊізбен елдеріміздіӊ астаналары арасында тікелей әуе рейсі орнады. Осы әуе қатынасына екі мемлекет тұрғындарыныӊ сұранысы жоғары екенін және бұл халықтарымыздыӊ тығыз байланыстар орнатуға мүдделілігін білдіретінін атап өткен жөн, - деді Мемлекет басшысы.

Польша Президенті Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан-Польша бизнес-форумыныӊ жұмысына бірлесе қатысудыӊ маӊызды екенін айтты.

- Мен біздіӊ кездесулеріміздіӊ бәрін зор қуанышпен еске аламын. Сіздіӊ Польшаға былтырғы сапарыӊыз елдеріміздіӊ экономикалық ынтымақтастығын дамытуға зор үлес қосты. Сіздіӊ сапарыӊыз осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға тыӊ серпін бергенін ерекше атап өткім келеді. Польшадан Қазақстанға жеткізілетін тауар көлемі 50%-ға, ал Қазақстанныӊ Польшаға жолдайтын тауары 80%-ға артты. Осылайша, Сіздіӊ бізге келген сапарыӊыздыӊ нәтижесі айқын көрінуде. Мен соған қуаныштымын, - деді А.Дуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны