13.01.2014, 20:09 5388

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Серік Ахметовпен кездесті

2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 6% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan today.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 6% құрады, деп хабарлайды Kazakhstan today.

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Серік Ахметовпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында С.Ахметов Мемлекет басшысына еліміздің 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер туралы баяндады, сондай-ақ индустриялық-инновациялық бағдарламаның екінші кезеңін әзірлеу барысы жөнінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысы "Қазақстан - 2050" стратегиясын орындаудың нақты жолдарын әзірлеудің, сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақ тәрізді ірі жобалар айналасында өндірістік инфрақұрылымдар аясын ұлғайта отырып оларды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев энергетиканы дамытуға, маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға назар аударды. Бұл орайда Мемлекет басшысы Үкіметтің аса маңызды міндеттері азаматтардың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту және қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл-күйі жоғары болуын қамтамасыз ету болып қала беретініне тоқталды.

Премьер-Министр 2013 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 6% болғанын, инвестиция көлемі 6,5%-ға, өнеркәсіп өндірісі 2,3%-ға, құрылыс көлемі 3%-ға, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 11,6%-ға ұлғайғанын айтты. Бұған қоса, жұмыссыздық деңгейі 5,2%, инфляция деңгейі 4,8% болды.

Сондай-ақ, С.Ахметов индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың келесі кезеңі әзірленіп жатқандығын, онда экономиканың негізгі салаларын әртараптандыруға, кластерлерді дамытуға, сондай-ақ технологиялар мен инновациялар трансфертіне ерекше назар аударылатын айтты.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны