31.10.2008, 10:12 3033

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Владимир Путинді қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Владимир Путинді қабылдады

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Владимир Путинді қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей экономикасының жаһандық қаржы дағдарысы жағдайындағы өзара іс-қимылы, көлік, энергия көздерін тасымалдау, ғарыш, бірлескен кәсіпорындар құру саласындағы әріптестіктің перспективасы сөз болды.

Президент биылғы жылдың қорытындысы бойынша 20 млрд. долларға жуықтайтын өзара тауар айналымының өсімін қанағаттанғандықпен атап өтті. Екі елдің инвестициялық ынтымақтастығы перспективада 40 миллиард долларды құрайды.

Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстан мен Ресей бірлескен іс-әрекет арқылы әлемдік дағдарыстың екі елдің экономикасына тигізер ықпалын төмендете алатынын мәлімдеді.

"Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын оң қарқынмен дами береді деп қарастырамыз. Барлық белгіленген жоспарларды жүзеге асыратынымызға сенімдіміз", - деп атап көрсетті Ресей үкіметінің төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны