26.03.2018, 21:56 4105

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинге көӊіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Кемерово қаласыныӊ сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан көп адамныӊ қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинге көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Кемерово қаласыныӊ сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт салдарынан көп адамныӊ қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқыныӊ және жеке өзімніӊ атымнан қаза болғандардыӊ туыстары мен жақындарыныӊ қайғысына ортақ екенімді жеткізуіӊізді сұраймын.

Зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны