02.04.2015, 22:28 4106

Нұрсұлтан Назарбаев Ресми іс-шаралар сарайында болды

Қазақстан Президенті мұнда Батыс Қазақстан облысындағы этно-мәдени бірлестіктер, шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен және Ауған соғысы жауынгерлерімен әӊгімелесті

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті мұнда Батыс Қазақстан облысындағы этно-мәдени бірлестіктер, шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен және Ауған соғысы жауынгерлерімен әӊгімелесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметініӊ маӊыздылығына тоқталды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

- Бір-бірімізге деген құрмет, толеранттылық болғанда ғана елдіӊ орнықты дамуы сақталады. Мен Қазақстан халықтыӊ бірлігініӊ арқасында ғана ілгерілеп келе жатқанын үнемі айтып келемін. Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығы таяп қалды. Біздіӊ бақытымыз - жеӊімпаз әкелелердіӊ балалары болғандығымыз. Бізге ардагерлерімізді қадірлеп, жастарды тарихқа құрметпен қарау тұрғысынан тәрбиелеу қажет. Сондай-ақ біз биыл басқа да маӊызды даталарды атап өтетін боламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Барлық этностардыӊ атынан сөйлеушілер Мемлекет басшысына татулық пен келісімге, кәсіпкерлікпен айналысуға мол мүмкіндіктер мен жағдайлар жасауға, халықтыӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясат үшін алғыс айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны