02.12.2016, 12:59 4895

Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық жастар форумына қатысты

Форумға Қазақстанныӊ барлық өӊірінен 1000-нан астам адам, соныӊ ішінде кәсіпкерлер, өндірістіӊ түрлі саласыныӊ еӊбеккерлері, ғалымдар, студенттер, танымал спортшылар мен жастар ұйымдарыныӊ көшбасшылары қатысты.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық жастар форумына қатысты- деп хабарлайды Ақорда.

Форумға Қазақстанныӊ барлық өӊірінен 1000-нан астам адам, соныӊ ішінде кәсіпкерлер, өндірістіӊ түрлі саласыныӊ еӊбеккерлері, ғалымдар, студенттер, танымал спортшылар мен жастар ұйымдарыныӊ көшбасшылары қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміз тәуелсіздік алған бастапқы уақыттағы мемлекеттілікті қалыптастырудыӊ қиын кезеӊі туралы әӊгімелеп, республикамызда жастардыӊ өмірден өз орнын табуына бірегей мүмкіндіктер жасалғанына, жедел өзгеру үстіндегі қазіргі әлемніӊ заманауи талаптарына сай келетін, сын-қатерлеріне лайықты төтеп беретін сапалы білім алудыӊ маӊыздылығына назар аударды.

Қазақстан Президенті еліміздіӊ жеткен табысыныӊ тарихы - еӊ алдымен оныӊ жастары қол жеткізген табыстыӊ тарихы екенін атап өтті.

- Жас ұрпаққа, өткеніміз бен келешегімізге қамқорлықпен қарау әрқашан меніӊ саясатымныӊ басты мән-маӊызы болып келеді. Ирбір жас қазақстандықтыӊ білім алуына, жұмыс істеуіне, отбасын құруына, баспана алуына мүмкіндігі бар, - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев "Баршаға - кәсіби білім" бағдарламасыныӊ енгізіліп жатқанын айтты.

- Мемлекет баршаныӊ өндірістен жұмыс орнын табуына кепілдік беретін өмірдегі алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға мүмкіндік туғызып отыр, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету ісіне зор мән беріліп отырғанын айтты.

- Тек 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта жас бизнесмендердіӊ 55 жобасына банк несиелерініӊ пайыздық төлемдерін мемлекет тарапынан субсидиялау түріндегі қаржылық қолдау көрсетілді. Біздіӊ мақсатымыз - еліміздіӊ шағын және орта бизнесініӊ Қазақстан өнімініӊ жартысынан астамын өндіруіне қол жеткізу, - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті "Жасыл ел" студент және жастар жасақтары жұмысына қатысушыларға айрықша ризашылығын білдірді.

- Еӊбек жасақтарыныӊ жұмысына 250 мыӊнан астам жас атсалысты. Олар 150 мыӊ гектар жерге 50 миллионға жуық ағаш отырғызды. Еӊбек жасақтарыныӊ ізгі мақсаты - елімізді көгалдандыру және оныӊ экологиялық тұрғыдан таза болуын қамтамасыз ету, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында жас зерттеушілер мен ғалымдар саныныӊ артқанын айтты.

- Жастарымыздыӊ әлемдік деӊгейдегі Назарбаев Университетінде білім алуына мүмкіндіктері бар. Бүгін жастар алдында бар әлемніӊ есігі ашық. Сіздер жақсы уақытта өмір сүріп, болашаққа нық қадам басып бара жатқан елмен бірге өсіп келесіздер. Ел ішінде де, әлемде де, соныӊ ішінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас саласында да жұмыс жасайтын бір ғана қағида бар, ол - бәсекеліктіӊ мәӊгілік механизмі, - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті ғылымды қамтитын экономикаға көшу оныӊ өсімініӊ икемділігін, қарқындылығын және орнықтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.

- Сондықтан Қазақстанныӊ әлемдегі дамыған 30 елдіӊ қатарына қосылуы ғылымды қамтитын экономикаға негізделуге тиіс. Илем жаӊа технологиялық дәуірге аяқ басты. Оныӊ үрдістері таӊғалдырады, тәнті етеді және тамсандырады, сонымен бірге ол елдіӊ келешегіне қатысты мәселеге орай қатаӊ талап қояды. Болашақ біздіӊ алдымызға мынадай үзілді-кесілді шарт қойып отыр: бар бол, жетіл немесе жоқ бол! - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев жаӊа технологиялар заманында қоғам үшін сын-қатер болып саналатын құбылыстарға айрықша тоқталды.

- Бұл инновациялардыӊ артында тұрған негізгі әлеуметтік сын-қатер ол - көптеген кәсіп түрініӊ жойылуы, жұмыс орындарыныӊ жаппай қысқаруы, яғни жаһан бойынша жұмыспен қамту аясыныӊ тарылуы. Осы орайда бұған дейін меніӊ бастамаммен әзірленген инновациялық индустрияландыру, "Нұрлы жол", "100 нақты қадам" ұлт жоспары бағдарламаларымен тығыз байланысты Жалпыға Ортақ Еӊбек Қоғамыныӊ өзектілігі ерекше артып келеді, - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті дамыған елдердіӊ университеттерінде қарқын алып келе жатқан жастар инновациясына баса назар аударды.

- Қазақстан студенттері ортасында да стартап саныныӊ артуы үшін осындай қолайлы жағдай жасау қажет деп санаймын. Қазір еліміздіӊ жетекші жоғары оқу орындарында да алғашқы табысты жобалар пайда бола бастады. Осы тәжірибені өрістете түсу керек. Бұл - Білім және ғылым министрлігі басшылығыныӊ, жоғары оқу орындары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшыларыныӊ міндеті, - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті туризм, құрылыс, халыққа қызмет көрсету салаларында, жеӊіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында еӊбекпен қамтуға және кәсіпкерлікті дамытуға мол мүмкіндіктер бар екенін айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев спортшылар мен шығармашыл жастарға, барлық жас өнер қайраткерлеріне ыстық ықыласын білдірді.

- Мәдени бағдарлама аясында және "Болашақтыӊ энергиясы" атты тақырыппен өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі волонтерлер жұмысы барысында Қазақстанды лайықты деӊгейде танытуларыӊа тілектеспін, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Қазақстан Президенті баршаға денсаулық, бақыт және игілік тілеп, мемлекеттіӊ барлық табысына еліміздегі тұрақтылықтыӊ, тыныштықтыӊ және 100-ден астам этнос өкілдері достығыныӊ арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

Форум барысында Астана қалалық мәслихатыныӊ депутаты А.Оралов, "Болашақ" бағдарламасыныӊ стипендиаты, театр және кино әртісі А.Илімжан, "Зерде" ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі" АҚ басқармасыныӊ төрайымы И.Жиенбаева, Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ белсендісі М.Споткай, 2016 жылғы Азия IT конференциясыныӊ жеӊімпазы С.Нәукенов, "Қазақстан алюминийі" АҚ экономисі И.Досанова, "Open Technologies Group" компаниясыныӊ негізін салушы Қ.Ахметов, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Қ.Төлеушин, "Жасыл ел" жастар еӊбек жасақтары республикалық штабы" жекеменшік мекемесі басшысы Р.Хамидуллин, Қарағанды мемлекеттік университеті "Роботтар мен ақылды машиналар зертханасыныӊ" меӊгерушісі Н.Есмағамбетов, гроссмейстер, шахматтан халықаралық турнирлер чемпионы Д.Сәдуақасова, кәсіпкер, "Қазақстандық OTAN сағат компаниясыныӊ" басшысы А.Тоқсанбаев, Мюнхендегі Максимилиан Людвиг университетініӊ докторанты Қ.Ибдиева, "TERRAPOINT" ЖШС инженері Д.Хоменко сөз сөйледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны