25.06.2018, 23:03 6013

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайип Ердоғанға Түркия Республикасыныӊ президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады және телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан Режеп Ердоғанды Түркия Республикасы президентініӊ сайлауындағы айқын жеӊісімен құттықтады.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайип Ердоғанға Түркия Республикасыныӊ президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан Режеп Ердоғанды Түркия Республикасы президентініӊ сайлауындағы айқын жеӊісімен құттықтады.

"Сайлау нәтижелері түрік халқыныӊ Сіздіӊ ел басшысы лауазымындағы қызметіӊізді жоғары бағалап, жүргізіп отырған саяси және экономикалық реформаларыӊызға, сондай-ақ дамудыӊ стратегиялық бағыттарына шынайы қолдау білдіргенін көрсетті.

Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара құрмет пен бауырластыққа негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынас екі халықтыӊ мүдделеріне қызмет етіп, болашақта біздіӊ стратегиялық әріптестігіміз сапалы жаӊа деӊгейге көтеріледі деп сенемін, - делінген жеделхатта.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанға зор денсаулық, жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ, Ақорданыӊ хабарлауынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Републикасыныӊ президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Иӊгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды Түркия Республикасыныӊ президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанныӊ осы сайлаудағы жеӊісі түрік халқыныӊ оныӊ жүргізіп отырған саясатына қолдау көрсеткенініӊ айқын дәлелі екенін атап өтті.

Режеп Ердоған Қазақстан президентіне ризашылық білдіре отырып, сайлаудыӊ демократия қағидаттарына сай, халықтыӊ жаппай қатысуымен өткенін айтты.

Сондай-ақ, Мемлекеттер басшылары бауырлас екі ел арасындағы сындарлы диалогты одан әрі тереӊдету мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны