24.10.2016, 15:41 3900

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясыныӊ Королі Салман бен Ибдел Изиз Ил Саудпен кездеседі

Қазақстан Президенті 24-25 қазанда ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігінде болады. Сапар аясында Корольдіктіӊ мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар жетекшілерімен бірқатар кездесу өтеді деп жоспарлануда.

Астана. 24 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті 24-25 қазанда ресми сапармен Сауд Арабиясы Корольдігінде болады. Сапар аясында Корольдіктіӊ мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар жетекшілерімен бірқатар кездесу өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Президенттіӊ баспасөз қызметі Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аӊдатпасында хабарлады.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясыныӊ Королі Салман бен Ибдел Изиз Ил Саудпен, тақ мұрагері, премьер-министрдіӊ бірінші орынбасары, Сауд Арабиясыныӊ ішкі істер министрі Мұхаммед бен Наиф Ил Саудпен, тақ мұрагерініӊ ізбасары, премьер-министрдіӊ екінші орынбасары, Сауд Арабиясыныӊ қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салманмен, сондай-ақ Ислам даму банкініӊ жаӊадан тағайындалған президенті Бандар бен Мухаммад Хаджармен кездеседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны