09.03.2017, 19:04 4544

Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасыныӊ Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер көшбасшылары Қазақстан Президентініӊ Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардыӊ іске асырылу барысына көӊілдері толатынын айтты.

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасыныӊ Президенті Томислав Николичпен телефон арқылы сөйлесті,-деп хабарлайды Ақорда.

Иӊгімелесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдыӊ өзекті мәселелерін талқылады.

Мемлекеттер көшбасшылары Қазақстан Президентініӊ Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардыӊ іске асырылу барысына көӊілдері толатынын айтты.

Т.Николич Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ басшылығымен Қазақстанда саяси және экономикалық жаӊғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға берді.

Екі елдіӊ президенттері Қазақстан мен Сербияныӊ достық қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға әзір екендігін растады.

Телефон арқылы сөйлесуге Сербия жағы бастамашы болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны