22.06.2012, 13:18 2904

Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнестегі кәсіпорындардың елдің ішкі жалпы өніміне үлесін 2020 жылы 40 пайызға дейін ұлғайту міндетін қойды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Астана. 22-маусым. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнестегі кәсіпорындардың елдің ішкі жалпы өніміне үлесін 2020 жылы 40 пайызға дейін ұлғайту міндетін қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед, Президент Икімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, "Атамекен" Одағы" Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы (ҚҰЭП) президиумының төрағасы, ""КаzEnergy" мұнайгаз және энергетикалық кешендер ұйымдары қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев және "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП-ның өзге де өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы кеңесті аша отырып, мемлекет бизнестің орнықты дамуы үшін барлық жағдай жасап отырғанын атап өтті. Қазақстан Президенті шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнім құрылымындағы үлесі өткен жылы 17 пайыздан 21 пайызға өскенін атап көрсетті. Алайда, бизнестің белсенділігі әлі де болса төмен. Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнестегі кәсіпорындардың елдің ішкі жалпы өніміне үлесін 2020 жылы 40 пайызға дейін ұлғайту міндетін қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны