13.08.2017, 18:41 4215

Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Конфедерациясыныӊ президенті Дорис Лойтхардпен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дорис Лойтхардқа "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіндегі Швейцария ұлттық күнініӊ ашылуына қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

Астана. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария Конфедерациясыныӊ президенті Дорис Лойтхардпен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дорис Лойтхардқа "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіндегі Швейцария ұлттық күнініӊ ашылуына қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

- Сіздіӊ алғаш рет жаӊа елордамызға келіп отырғаныӊызға қуаныштымын. Жақында, 1 тамызда Швейцарияныӊ ұлттық мерекесі - Конфедерацияныӊ құрылған күні атап өтілді. Мейрамдарыӊызбен құттықтаймын. Бүгін ЭКСПО көрмесінде ұлттық күндеріӊізді аштыӊыз. Сізге ұнады деген үміттемін. Біз үшін ЭКСПО көрмесіне келуіӊіздіӊ маӊызы зор, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында қалыптасқан ынтымақтастыққа тоқталып, екіжақты экономикалық және саяси қарым-қатынастардыӊ одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

- Швейцария - Қазақстанныӊ Еуропадағы аса маӊызды серіктесі. Біз бұл қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз және оны әрі қарай дамытуға ниеттіміз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы артып келеді. Швейцария бизнесініӊ елімізде дамуына мүдделіміз. Қазір 300 кәсіпорын жұмыс істеуде, олардыӊ саны одан да көп болуы мүмкін. Сіздіӊ сапарыӊыз экономикалық және саяси қарым-қатынасымыздыӊ одан әрі нығаюына серпін береді деп сенемін, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясыныӊ Президентіне Қазақстанға жасаған сапары барысында аралап көруге болатын Астана қаласындағы сәулетті ғимараттар туралы айтты.

- Соӊғы он бес жылда салынған қалаға алғашқы сапарыӊыз қызықты болған шығар деп ойлаймын. Біз ЭКСПО нысандарын 3 жылда салып шықтық. Астанада әлемде теӊдесі жоқ көптеген бірегей жобалар жүзеге асырылды. Мәселен, мұнда сәулетші Норман Фостердіӊ жобасы бойынша таӊғажайып пирамида салынды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы "Нұр Илем" сферасын, "Хан Шатыр" сауда және ойын-сауық орталығыныӊ ғимаратын, "Нұрлы Жол" жаӊа вокзалын, "Астана Опера" опера және балет театрын, сондай-ақ басқа да нысандарды атап өтті.

Кездесуде Дорис Лойтхард Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, "ЭКСПО-2017" көрмесініӊ табысты ұйымдастырылумен құттықтады.

- Шын мәнінде, "Нұр Илем" сферасы - таӊғаларлық нысан. Онда орналасатын "Астана" қаржы орталығыныӊ даму перспективасы өте жақсы болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, бизнес тарапынан қарым-қатынасты нығайтуға зор қызығушылық бар екенін айтуға болады, - деді Швейцария Конфедерациясыныӊ Президенті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны