18.03.2018, 18:40 4468

Нұрсұлтан Назарбаев Сирия мәселесі жөніндегі Астана процесіне кепіл елдердіӊ сыртқы істер министрлерімен кездесті

Кездесуге Ресей Федерациясыныӊ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Түркия Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы, Иран Ислам Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф қатысты

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Сирия мәселесі жөніндегі Астана процесіне кепіл елдердіӊ сыртқы істер министрлерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуге Ресей Федерациясыныӊ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Түркия Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы, Иран Ислам Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф қатысты.

Иӊгімелесу барысында тараптар Астана алаӊы форматында Сириядағы қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөздердіӊ нәтижелері мен перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Астана процесі арқылы оқ атпау жөнінде бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.

- Сирия дағдарысы біз үшін де, өӊіріміз үшін де өзекті болып отыр. Ұрыс қимылдары салдарынан 400 мыӊ адам, соныӊ ішінде балалар, әйелдер мен қарттар қаза тапты. Бұл қақтығыс бүкіл өӊірде қолайсыз ахуал туғызды. Дегенмен, Астана процесі Сириядағы соғыс пен қантөгісті тезірек тоқтатуға деген үмітті ұялатты. Астана келіссөздері Женева процесін жандандырды, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өӊірде бітімгершілік орнату жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ қарарын Қазақстанныӊ қолдағанын айтты.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанада келіссөз алаӊын ұсынғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Сириядағы қақтығысты шешу жолдарын іздестірудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

- Шығыс Гутада соӊғы екі күнде 20 мыӊға жуық бейбіт тұрғын осы аумақтан шығуға мүмкіндік алды. Біз қазір Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп, оларды уақытша қоныстанған жерінен өз үйлеріне оралғанға дейін қажетті заттармен қамтамасыз ету мәселесін шешіп жатырмыз, - деді Ресей Сыртқы істер министрі.

С.Лавров Астана келіссөздері Сириядағы қақтығысты реттеу жолдарын іздестіруге септігін тигізгенін атап өтті.

- Астана барша жұрт мойындаған процеске бастамашылық етті. Еӊ бастысы, Астанадағы келіссөздер Сирия қақтығысы аясында барлық бағыттағы күш-жігерді жұмылдыра білді. Бұл дегеніміз - терроризмге қарсы күрес жүргізу, деэскалация аймақтарын құру. Ұрыс қимылдарын тоқтату режімі зорлық-зомбылық деӊгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, бұл гуманитарлық мәселелерді тиімдірек шешу деген сөз, - деді Ресей Сыртқы істер министрі.

Сергей Лавров келіссөздердіӊ жоғары деӊгейде ұйымдастырылғанына тоқталып, Астана алаӊыныӊ қолайлы саяси ахуал қалыптастыру ісіндегі маӊыздылығын айтты.

- Жанжалдасушы тараптарды бітістіруге бағытталған Астананыӊ берік ұстанымы және келісімге келу жолдарын табуды көздейтін Қазақстанныӊ сыртқы саясаты бізге тиімді жұмыс істеуге септігін тигізуде, - деді Ресейдіӊ Сыртқы істер министрі.

Түркияныӊ сыртқы саясат ведомствосыныӊ басшысы М.Чавушоғлы Астана процесініӊ тиімділігіне тоқталып, келіссөз жүргізудіӊ осы форматын қолдайтынын атап өтті.

- Астанадағы келіссөздердіӊ басталғанына да бір жылдан асты. Біз осы процесс барысында үлкен жетістіктерге жетіп, алға жылжи алдық. Кеше Астанада сенім шаралары жөніндегі жұмыс тобы бірінші рет кездесу өткізді. Онда кепілге алынғандар мен тұтқындарды өзара алмасу мәселесі қарастырылды. Астана алаӊына тән осындай қарқынды сақтап қалғымыз келеді. Біз бұл процесті ілгерілетуге тыӊ серпін бере алдық, - деді Түркияныӊ Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар М.Чавушоғлы Сириядағы қақтығыстыӊ саяси шешімін іздеу қажеттігін айтты.

Иранныӊ Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Шығыс Гутадағы проблемалардыӊ бар екеніне қарамастан, тараптар Сириядағы қақтығыс пен зорлық-зомбылық деӊгейін төмендеткенін атап өтті.

- Шығыс Гутада жағдайдыӊ ушыққанына қарамастан, кейбір гуманитарлық мәселелерді шеше отырып, ахуалды біршама жұмсарттық. Сириядағы бейбіт тұрғындар қорғауға алынды. Біз кеше тараптар арасында сенім шараларын нығайту жөніндегі жұмыстарды бастадық, - деді Иранныӊ Сыртқы істер министрі.

Мохаммад Джавад Зариф Сириядағы дағдарысты реттеудіӊ саяси жолдары мен ұстанымдарын қалыптастыру ісінде Астана алаӊыныӊ маӊызы ерекше екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны