14.02.2017, 20:18 4527

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті әӊгіме барысында Г.Бердімұхамедовті президент сайлауындағы жеӊісімен құттықтап, оған мемлекеттік қызметте табыс және жаӊа жетістіктер тіледі.

Астана. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті әӊгіме барысында Г.Бердімұхамедовті президент сайлауындағы жеӊісімен құттықтап, оған мемлекеттік қызметте табыс және жаӊа жетістіктер тіледі.

Мемлекеттер басшылары екі халықтыӊ тарихи тұрғыдан жақындығын, сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі тату көршілік қарым-қатынасты атап өтті.

Сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты одан әрі нығайтудыӊ маӊыздылығы айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Түрікменстан Президенті шақыруды зор ілтипатпен қабыл алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны