11.12.2016, 19:24 3911

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасыныӊ Президентіне Стамбул қаласында болған террорлық актіге байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады

"Заманауи сын-қатерлер өршіп тұрған алмағайып заманда біз Түркиямен бірге халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайынбыз", - делінген жеделхатта.

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today -Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасыныӊ Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Стамбул қаласында болған террорлық актіге байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта Қазақстан Президентініӊ террорлық акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Заманауи сын-қатерлер өршіп тұрған алмағайып заманда біз Түркиямен бірге халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайынбыз", - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы қаза болғандардыӊ отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан көӊіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны