09.09.2017, 21:30 3392

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасыныӊ Президентініӊ ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша брифинг өткізді

- Түркия инфрақұрылымы дамыған транзиттік ел екені баршаға белгілі. Осыны ескеріп, түрік тарапын Қазақстанныӊ көлік-транзит әлеуетін бірге дамытуға шақырдым, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасыныӊ Президенті Режеп Тайип Ердоғанныӊ ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркияныӊ саяси және экономикалық тұрғыдан бір-біріне жақын екенін айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып отырғанын атап өтті.

- Түркия - Қазақстанныӊ еӊ жақын саяси және экономикалық серіктесініӊ бірі. Екіжақты тығыз ынтымақтастық әрдайым белсенді дамып келеді. Жоғары деӊгейдегі кездесулер жиі өткізілуде. Биыл дипломатиялық қарым-қатынасымыздыӊ орнағанына 25 жыл толып отыр, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев түрік капиталыныӊ қатысуымен 1600-ден астам кәсіпорын жұмыс істеп жатқанын, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды одан әрі дамыту қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ көлік-транзит әлеуетін арттыруда Түркияныӊ тәжірибесін қолдануға ниетті екенімізді жеткізді.

- Түркия инфрақұрылымы дамыған транзиттік ел екені баршаға белгілі. Осыны ескеріп, түрік тарапын Қазақстанныӊ көлік-транзит әлеуетін бірге дамытуға шақырдым, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды дамыту мәселелеріне тоқталып, жоғары оқу орындары арасында өзара студенттер алмасудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Р.Ердоғанмен әӊгімелесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылағанын айтты.

- Негізгі жаһандық мәселелер жөніндегі ұстанымымыз ұқсас. Екі ел арасында түсініспеушіліктер жоқ. Астана Сирия мәселесі бойынша келіссөз жүргізу үшін өз алаӊын ұсынды. Осылайша, біз бұл проблеманы тек бейбіт жолмен шешуге өз үлесімізді қосып отырмыз, - деді Мемлекет басшысы.

Сөз соӊында Қазақстан Президенті Түркия тарапына "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін дайындауға және өткізуге белсенді түрде атсалысқаны үшін алғыс білдірді.

Р.Ердоған екі ел арасындағы байланыстарды дамыту жөніндегі диалогтыӊ жалғасуына ниетті екенін айтып, Қазақстан Президентін келесі жылы Түркия Республикасына сапармен келуге шақырды.

Түркия Президенті Қазақстанда жұмыс істейтін түрік инвесторлары мен бизнесмендеріне қолдау көрсетіп, оларға қолайлы жағдай туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

- Біздіӊ ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да нығая түсетініне сенімдімін. Мен Қазақстанды ірі халықаралық іс-шараларды табысты ұйымдастыруымен тағы да құттықтағым келеді. Сіздердіӊ республикаларыӊыз - Орталық Азия өӊіріндегі көшбасшы мемлекеттердіӊ бірі. Біз сіздердіӊ жетістіктеріӊізге шынайы қуанамыз, - деді Р.Ердоған.

Соӊында Түркия Президенті "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екенін айтып, Қазақстан жағына қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

***

Түркия Республикасы Президентініӊ Қазақстанға ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

- Үкіметаралық экономикалық комиссияныӊ 10-шы отырысыныӊ хаттамасы;

- 2017-2020 жылдарға арналған "Жаӊа синергия" бірлескен экономикалық бағдарламасыныӊ іс-шаралар жоспарыныӊ хаттамасы;

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен "Алсим Аларко" консорциумы және Еуропа қайта құру және даму банкі арасында "БАКАД" автокөлік жолын салу және оны пайдалану мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны