25.06.2009, 18:36 2296

Нұрсұлтан Назарбаев Иділет министрі Рашид Түсіпбековті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Иділет министрі Рашид Түсіпбековті қабылдады

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев Иділет министрі Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Р.Түсіпбеков мемлекет басшысына заң жобаларының сапасын, заң сараптамасын жүргізуді және нормативтік құқықтық актілерді тіркеуді жақсарту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады. Ағымдағы жылы әділет органдарында міндетті тіркеусіз қолданылып жүрген 158 нормативтік құқықтық акті анықталған. Осыған орай министрлік 144 нормативтік құқықтық актілерге қатысты анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік органдарға 8 ұсыныс енгізді.

Министр сондай-ақ президентті халыққа құқықтық көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы хабардар етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны