27.12.2016, 20:54 3758

Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысына қатысты

Отырыс барысында қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соныӊ ішінде терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды талқылады.

Астана. 27 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында бірнеше іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен кездесті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдіӊ ЕАЭО аясындағы тиімді ынтымақтастығын атап өтті.

- Біздіӊ қарым-қатынасымыз дамып келеді. Туындаған мәселелер елдеріміздіӊ Үкіметтері деӊгейінде шешіліп жатыр. Сізбен бірге Байқоӊыр қаласын одан әрі дамыту мәселесін талқыладық. Біз қазір 8 жылға арналған тиісті "жол картасын" әзірледік, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы республикамыздыӊ ЕАЭО-ға табысты төрағалық еткенін және бұл кезеӊде одақтыӊ Кеден кодексі келісіліп, қол қоюға дайын болғанын айтты.

- Отырысқа қатысатын мемлекеттер басшылары осы құжатты қолдайды деп ойлаймын. Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында тауар айналымы бәсеӊдеді, ол биржа бағамыныӊ біздіӊ тауарларға деген қатынасына байланысты. Бұл ретте сауданыӊ нақты көлемі сақталуда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенімізді атап өтті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев В.Путинге Сирия қақтығысы жөнінде Астанада келіссөздер өткізу үшін Қазақстан мүмкіндік беруге дайын екенін айтты.

Ресей көшбасшысы Қазақстан Президентін Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығымен құттықтап, еліміздіӊ осы кезеӊдегі жетістіктерін атап өтті.

- Қазақстан - интеграциялық үдерістерге белсене атсалысып келе жатқан ел. Табысты мемлекеттіӊ интеграциялық жобаларды белсенді түрде жүргізуі Еуразиялық экономикалық одақтыӊ барлық елдеріне пайдасын тигізіп отыр, - деді В. Путин.

Екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

- "Байқоӊыр" кешенінде ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру тұжырымдамасы;

- Байқоӊыр қаласыныӊ мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құру тәртібі мен олардыӊ мәртебесі туралы мемлекетаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы хаттаманыӊ Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік органдарыныӊ тізіміне қатысты бөлігі.

Қазақстан Президенті сондай-ақ, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ отырысына қатысты.

Отырысқа сондай-ақ Ресейдіӊ, Арменияныӊ және Қырғызстанныӊ Президенттері қатысты.

Мемлекет басшысы ЕАЭО-ныӊ Кеден кодексі әзірленгенін атап өтіп, оны дайындау барысында қатысушы елдер азаматтарыныӊ мүддесін сақтауға, сондай-ақ бизнес жүргізудіӊ ашық әрі тұрақты ережесін қалыптастыруға басымдық берілгенін айтты.

- Күрделі сыртқы экономикалық жағдайларға қарамастан, күш-жігерімізді жұмылдыру арқасында біз жыл басында Қазақстан ұсынған басымдығы бар негізгі бағыттарды іске асыру барысында ілгерілей түстік. Интеграциямыздыӊ негізгі құжаттарыныӊ бірі - Еуразиялық экономикалық одақтыӊ Кеден кодексі қол қоюға дайын болды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті электр энергетикасы нарығын дамыту бағдарламасы аясындағы жұмыстыӊ аяқталғанына, қызмет көрсету секторларын ырықтандыру жоспарыныӊ әзірленіп жатқанына және ЕАЭО-ныӊ ортақ қаржы нарығын құру жөніндегі үдерістердіӊ басталғанына назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ төрағалығы кезінде халықаралық ынтымақтастық нығайғанын атап өтті.

- Біз бұл бағытта айтарлықтай ілгеріледік. Қазан айында Вьетнаммен арадағы еркін сауда аймағы туралы келісім күшіне енді. Иран, Үндістан, Сингапур және Мысыр елдерімен осындай аймақтар құру жөнінде келіссөздер бастау туралы мәселе қарастырылып жатыр. Түрлі мемлекеттермен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы 25-тей меморандумға қол қойылды. "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуін" осы одақпен ұштастыру ісі бағдарға алынды. Еуропалық одақпен және Шанхай ынтымақтастық ұйымымен әріптестік жолдары қарастырылуда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Қытаймен және Израильмен сауда келісімдері жөніндегі келіссөздер белсенді түрде жүргізіліп жатқанын, одаққа Оӊтүстік Америка елдері де мүдделілік танытып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы шетелдік әріптестермен ынтымақтастықтыӊ негізгі қағидалары көрініс табатын сауда саясатын дамыту туралы мәлімдеме ЕАЭО-ныӊ халықаралық экономикалық байланыстарын дамыту жөніндегі қызметтіӊ заӊды жалғасы болып табылатынын айтты.

- Сонымен бірге біз сауда келісімдері жөніндегі жұмыстыӊ жүйелілікті, мейлінше тиімділікті, одағымыздыӊ барлық мүшелерініӊ мүддесін ескеруді талап ететінін ұмытпағанымыз жөн. Тарифтік міндеттемелер құрылымына, біздіӊ мүмкіндіктеріміз бен шектеулерді ескере отырып ықтимал алымдардыӊ тізіміне мұқият талдау жүргізу қажет. Бұл орайда барлық қатерлер мен жаӊа мүмкіндіктерді де ескерген жөн, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті ЕАЭО аясындағы жұмысқа ықпал ететін бірқатар факторларды, соныӊ қатарында әлемдік экономикалық жағдайдыӊ нашарлай түскенін және бірлестіктіӊ өз ішіндегі мәселелер шешімін таппай отырғанын атап көрсетті.

- Өзекті мәселелерді шешудегі ерекше рөлді еӊ алдымен Еуразиялық экономикалық комиссия атқаруға тиіс. Бүгінгі таӊда дағдарыстан кейінгі жағдайды пайымдау, Еуразиялық экономикалық одақты дамытудыӊ одан арғы стратегиясын түзуге мүмкіндік беретін жүйелі және ұзақ мерзімді шешімдер әзірлеу маӊызды болып отыр. Осыған орай дағдарысқа қарсы кеӊес құру қажет. Егер мемлекеттер басшылары мұны қолдаса, комиссияға бұл мәселені біздіӊ үкіметтермен бірлесе отырып қарастыру және тиісті шешім қабылдау жөнінде тапсырма беруді ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан басшылығыныӊ ЕАЭО төрағалығын табысты атқаруына тілектестік білдірді.

Бұған қоса бүгін Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысына қатысты.

Отырысқа сондай-ақ Ресейдіӊ, Арменияныӊ, Қырғызстанныӊ және Тәжікстанныӊ Президенттері қатысты.

- Біз әлемніӊ көптеген өӊіріндегі қарым-қатынастардыӊ қалыптасуы қаншалықты қиынға соғып отырғанын білеміз. Проблемаларға толы шиеленісті аймақтар саны азаяр емес, - деді іс-шараныӊ ашылу рәсімінде Ресей көшбасшысы.

Отырыс барысында қатысушылар күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соныӊ ішінде терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны