30.09.2016, 17:54 7341

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы мен "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясыныӊ басшысын қабылдады

Биылғы 8 айда инфляция 5,4% болды, деді Д.Ақышев. А.Есімов 103 ел мен 17 халықаралық ұйымныӊ көрмеге қатысатынын растағанын айтты.

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Д.Ақышев Елбасыға Ұлттық банктіӊ қазіргі қызметі туралы баяндады.

Қазақстан Президенті қаржы нарығын реттеуші ретіндегі Ұлттық банк жұмысыныӊ маӊыздылығына назар аударды.

Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына валюта нарығы мен инфляция үдерістеріндегі жағдай туралы мәлімдеді.

"Биылғы 8 айда инфляция 5,4% болды. Сіздіӊ тапсырмаӊызға сәйкес, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаныӊ негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын іске асыруда. Мұнай бағасы мен Ресей рублі бағамыныӊ тұрақтануы жағдайында валюта нарығындағы ахуал қалыпқа түсті", - деді Д.Ақышев.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк төрағасы ұлттық валютадағы депозиттер саныныӊ артқанын айтты. Сондай-ақ, несиелендіруді жандандыру үдерісінде оӊ қарқын байқалады. Атап айтқанда, жыл басынан бері шағын кәсіпкерлік секторын несиелендіру 35%-ға артқан.

Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ, бүгін Елбасы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасыныӊ төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Кездесуде А.Есімов Мемлекет басшысына "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне дайындық барысы туралы баяндады.

Сондай-ақ, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасыныӊ төрағасы құрылыс жұмыстарыныӊ кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын және биыл жыл соӊына дейін аяқталатынын мәлімдеді. Қазан айында павильондар - халықаралық қатысушыларға, ал тұрғын-үйлер делегация мүшелеріне берілетін болады.

Бұдан бөлек, А.Есімов 103 ел мен 17 халықаралық ұйымныӊ көрмеге қатысатынын растағанын айтты. Секциялардыӊ 98 комиссары тағайындалды. Халықаралық ұйымдармен қоса, 82 ел көрмеге қатысатыны туралы келісімшартқа қол қойды. 61 мемлекет Ұлттық күнін өткізу үшін нақты датаны броньдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны