19.10.2016, 12:36 3979

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясыныӊ президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады

Кездесуде Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулердіӊ қазіргі заман талабына сай болуыныӊ маӊыздылығын атап өтті.

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясыныӊ президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулердіӊ қазіргі заман талабына сай болуыныӊ маӊыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті ғылымды басқаруды орталықсыздандыру ісініӊ өзектілігіне және ғылыми зерттеу жұмысын жекелеген университеттерде дамыту қажеттілігіне назар аударды.

- Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудіӊ маӊызы зор, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

М.Жұрынов бірлестіктіӊ халықаралық деӊгейдегі беделініӊ артуына батыстық даму үлгісі септігін тигізгенін айтты.

- Біздіӊ академия - барлық беделді ғылыми бірлестіктердіӊ мүшесі, - деді Ұлттық ғылым академиясыныӊ президенті.

Соӊында Мемлекет басшысы ғылымныӊ ел дамуындағы елеулі рөліне тоқталып, атқарып жатқан қызметтері үшін академия ғалымдарына алғыс білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны