14.04.2017, 23:44 5772

Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларыныӊ бейресми кездесуіне қатысты

Кездесуге Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан президенттері - Серж Саргсян, Александр Лукашенко, Алмазбек Атамбаев, Владимр Путин, Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ-ныӊ бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семириков қатысты.

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларыныӊ бейресми кездесуіне қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуге Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан президенттері - Серж Саргсян, Александр Лукашенко, Алмазбек Атамбаев, Владимр Путин, Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ-ныӊ бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семириков қатысты.

Бейресми кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары ұйымды одан ары дамыту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына қатысушы елдер үшін биыл мерейтойлық жыл екенін атап өтті.

Осыған орай Қазақстан Президенті кездесуге қатысушыларды Шартқа қол қойылғанына 25 жыл толуымен құттықтап, оныӊ ұлттық және өӊірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердіӊ тұтастығын нығайтудағы маӊыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ныӊ қауіпсіздік саласындағы басқа да халықаралық институттармен және ұйымдармен өзара іс-қимылыныӊ аясын кеӊейту мәселесіне қатысушылар назарын аударды.

Бұдан бөлек, ұйым мүшелері қазіргі заманғы өӊірлік және жаһандық қатерлермен күрес жолында күш жұмылдыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу соӊында ұйымға мүше мемлекеттердіӊ басшылары Юрий Григорьевич Хачатуровты ҰҚШҰ-ныӊ бас хатшысы етіп тағайындады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны