23.10.2017, 15:22 4483

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді ҚР мен РФ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастыӊ орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастыӊ орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады.

"Біздіӊ мемлекетаралық қарым-қатынастарымыз 2013 жылғы 11 қарашадағы ХХІ ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы екіжақты шарттыӊ аясында және соныӊ ережелеріне сай дамып келе жатқаны қуантады.

Елдеріміз арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық Астана мен Мәскеудіӊ сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестігін дамытудыӊ маӊызды бөлігі болып саналады.

Мен арамызда қалыптасқан шынайы жеке қарым-қатынасты да жоғары бағалаймын. Бұл ретте, ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту бағыты халықтарымыз тарапынан кеӊінен қолдау тауып отырғаны маӊызды", - делінген жеделхатта.

Соӊында Қазақстан Президенті Ресей Президентіне зор денсаулық, алға қойған жоспарларын жүзеге асыру жолында толағай табыс тілеп, достас Ресей халқыныӊ одан әрі өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны