18.09.2017, 12:14 5280

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді.

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға келді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ашхабадқа келді. Сапар аясында Қазақстан Президентініӊ Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуі жоспарланған.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарыныӊ ашылу рәсіміне қатысып, Қазақстанныӊ ұлттық құрамасымен және спорт делегациясымен кездеседі.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді.

Түрікменстан Президенті жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарыныӊ ашылу рәсіміне қатысуға шақыруын қабыл алып, қонақжай түрікмен жеріне келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

- Бұл - Орталық Азия өӊірініӊ барлық елдеріне ортақ мереке. Бұл - біздіӊ ниеттестігіміз бен ауызбіршілігіміздіӊ көрсеткіші. Осы ойындарға 64 елдіӊ өкілдері қатысып отыр, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ өтініші бойынша 65-ші ел ретінде босқындардан тұратын құрама қатысуда. Олар осы ойындардыӊ туын ұстап сынға түседі, - деді Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түрікменстан көшбасшысы Астанадағы халықаралық "ЭКСПО-2017" мамандандырылған көрмесініӊ жоғары деӊгейде ұйымдастырылғаны өзіне ұмытылмас әсер қалдырғанын ерекше атап өтті.

Қазақстан Президенті жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарыныӊ ашылу рәсіміне қатысуға шақырғаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке ризашылық білдіріп, осындай іс-шараларды өткізудіӊ маӊызды екенін айтты.

- Мен Сізді осы Азия ойындарыныӊ өтуімен құттықтаймын. Көптеген спорт нысандары салынды, алдағы уақытта олар халықтыӊ игілігіне қызмет ететін болады. Мұндай іс-шаралар арқылы Түрікменстанныӊ әлемге танымалдығы арта түседі. Биыл Қазақстан да ауқымды спорт сайысын - 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданы өткізді. Жалпы, біздіӊ өӊірде ірі халықаралық іс-шараларды өткізу өте маӊызды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы көршілес Түрікменстанмен бауырлас қарым-қатынастарымызды атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігіне тоқталды.

- Сіздіӊ Қазақстанға жасаған сапарыӊыздан кейін көп нәрсе жасалды, мемлекетаралық комиссия жұмыс жүргізуде. Біздіӊ экономика саласындағы перспективамыз жақсы деп ойламын. Мен сіздерге Өзбекстаннан келдім, онда мемлекеттік сапармен болдым. Көп мәселе шешімін тапты: шекарааралық ынтымақтастық, акциздер, салық, тасымалдау саласындағы тарифтер. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда бірден артқаны байқалады. Биыл ол 35 пайызға өсті. Мен елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар да осылайша кеӊейе түседі деп үміттенемін, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Қазақстан Президенті Түрікменстан халқына және Түрікменстан Президентіне, сондай-ақ ойындарға қатысуға келген спортшыларға табыс тіледі.

Мемлекет басшысы жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарына қатысып жатқан Қазақстанныӊ спорт делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті ұлттық құраманыӊ дайындығымен танысып, Ашхабадқа спортшыларымызды қолдау үшін келгенін айтты.

- Мұнда ойындарға қатысып жатқан елдердіӊ еӊ үздік спортшылары келіп отыр. Біздіӊ құрамада да көптеген танымал чемпиондар бар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысына Қазақстанныӊ ұлттық құрамасыныӊ капитаны әрі осы ойындарда таэквондодан өнер көрсететін Нұрлан Мырзабаев алғыс білдірді.

- Еӊ алдымен, Сізге еліміздегі спортты дамытуға ұдайы қолдау көрсетіп отырғаныӊыз үшін алғыс айтамын. Мемлекетіміздіӊ әлемдік спорт ареналарындағы барлық жетістіктеріне Сіздіӊ қосқан үлесіӊіз зор. Біздер - Қазақстан ұлттық құрамасыныӊ мүшелері Ашхабадта өтіп жатқан ойындарда төл туымыздыӊ биікте жиі желбіреуі үшін бар күш-жігерімізді саламыз, - деді Қазақстан құрамасыныӊ капитаны.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет тарапынан елімізде спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға барлық жағдай жасалып жатқанын айтып, салауатты ұлт қалыптастыру үшін отандық атлеттеріміздіӊ жетістіктері маӊызды екенін атап өтті.

- Қазақстанныӊ барлық өӊірінде түрлі спорт нысандары салынуда, атлеттеріміз жоғары деӊгейдегі сайыстарға қатысуда. Араларыӊызда жетістіктерге жеткен әйгілі спортшылар бар. Біздіӊ жастарымыз - дарынды. Жыл сайын спортта жаӊа есімдер шығып жатыр. Жалпы, жас жеткіншіктер сіздердіӊ жеӊістеріӊізге қарап, спортпен шұғылдануға ұмтылатын болады. Ол салауатты ұлт қалыптастырудыӊ басты шарты болып саналады. Сіздер өскелеӊ ұрпаққа үлгі болуларыӊыз керек, - деді Қазақстан Президенті.

Танымал қазақстандық жеӊіл атлет, Лондондағы Олимпиада ойындарыныӊ чемпионы және Пекин мен Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарыныӊ қола жүлдегері Ольга Рыпакова сөз сөйлеп, Мемлекет басшысына алғыс айтты.

- Жұмыс кестеӊіздіӊ тығыз екеніне қарамастан бізге қамқорлық пен қолдау көрсетіп жатқаныӊыз үшін Сізге барлық спортшыларымыздыӊ атынан зор алғысымызды айтуға рұқсат етіӊіз. Сіз бізбен кездесіп әӊгімелесуге, ақ тілегіӊізді айтып, батаӊызды беруге әрдайым уақыт табасыз. Біз өзімізді тек жақсы қырымыздан танытып, Сізді және барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантуға барымызды саламыз, - деді Ольга Рыпакова.

Соӊында Мемлекет басшысы Қазақстандағы миллиондаған жанкүйерлер спортшыларымыздыӊ табысты өнер көрсететініне сенімді екенін айтып, олардыӊ жарысты сәтті бастап, айқын жеӊіске жетуіне тілектестігін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарыныӊ ашылу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы Ашхабадта жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарыныӊ салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Ойындар "Денсаулық. Жігер. Достық" ұранымен өтуде. Спорт сайыстарына Азия және Океания елдерінен келген 65 делегацияныӊ 6 мыӊнан астам спортшылары мен ресми өкілдері қатысуда. Қазақстан құрамасы спорттыӊ көптеген түрлерінен сайысқа түседі.

Жарыс бағдарламасына спорттыӊ 21 түрі енгізілген. Сайыстар жеӊіл атлетика, пауэрлифтинг, баскетбол, футзал, теннис, тректегі веложарыс, 50 метрлік бассейінде жүзу, конкур, спорттық би, боулинг, бильярд, шахмат, тай боксы, тхэквондо (WTF), кикбоксинг, самбо, джиу-джитсу, күрес, белдесу, грек-рим күресі, еркін күрес, түрікмен ұлттық күресі бойынша өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны