01.12.2016, 14:03 7449

Нұрсұлтан Назарбаевты тұӊғыш рет ұлықтау шарасы өткен Алматыдағы Республика сарайыныӊ хасбетінде ескерткіш тақта ашылды

Қазақстан Республикасыныӊ тұӊғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты алғаш рет ұлықтау шарасы өткен Алматыдағы Республика сарайыныӊ хасбетінде ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ тұӊғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты алғаш рет ұлықтау шарасы өткен Алматыдағы Республика сарайыныӊ хасбетінде ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ескерткіш тақта Республика сарайыныӊ бас кіреберісіндегі қабырғаға орнатылды. Тақтаны ресми түрде ашу салтанаты бүгін, 1 желтоқсанда, Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күні өтті. Ескерткіш тақтаны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойы жылында ашу нышандық сипаттағы оқиға болмақ.

Салтанатты іс-шараға Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Сондай-ақ, тақтаны салтанатты түрде ашу рәсімінде 1991 жылғы президенттіктен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ сайлауалды штабыныӊ жетекшісі Мырзатай Жолдасбеков сөз сөйледі.

Бұдан бөлек, рәсімге қатысуға ғалымдар, саясаткерлер, мәдениет қайраткерлері, еліміздіӊ құрметті азаматтары шақырылды.

Іс-шара шеӊберінде "Мүшайра" ақындар жарысы өтті. Оған құрметті қонақтар, өлеӊсүйер қауым өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағыныӊ мүшелері, ақындар сайысына қатысушылар мен жастар қатысты.

Қазақстан Республикасы президентініӊ қызметіне ресми түрде кірісуді білдіретін рәсім - Нұрсұлтан Назарбаевты алғаш рет ұлықтау шарасы 1991 жылдыӊ 10 желтоқсанында Алматыдағы Республика сарайында өткенін айта кетейік. Осы салтанатты рәсім кезінде мемлекет басшысы Қазақстан Республикасыныӊ Ата заӊына оӊ қолын қоя тұрып, ел халқына ант береді. Бұдан кейін Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы президентініӊ куәлігін табыстайды.

Еске сала кетейік, 1991 жылғы 1 желтоқсанда тұӊғыш рет өткен жалпыхалықтық Қазақстан президентініӊ сайлауында дауыс берушілердіӊ 98,7 %-ы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны