30.04.2015, 21:41 6521

Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ атына оныӊ Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Муннан құттықтау жеделхаты келіп түсті

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Пан Ги Мун Нұрсұлтан Назарбаевты лауазымына ресми кірісуімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазақстан мен БҰҰ көптеген салаларда тығыз әрі жан-жақты қарым-қатынас орнатты. Біздіӊ қарым-қатынастарымыз Қазақстан халқыныӊ және бүкіл өӊірдіӊ игілігі үшін бұдан әрі де дами береді деп үміттенемін", - делінген жеделхатта.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны