30.04.2015, 21:46 6301

Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ атына оныӊ Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Италия Президенті Серджио Маттарелладан құттықтау жеделхаты келіп түсті

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - С.Маттарелла Италия халқыныӊ және жеке өзініӊ атынан Нұрсұлтан Назарбаевты жеӊісімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазақстан мен Италия арасындағы дәстүрлі энергетика және басқа да салалардағы жемісті ынтымақтастығымыздыӊ бағыты дұрыс. Қазақстан Сіздіӊ басшылығыӊыз арқылы Еуропалық одақпен қарым-қатынастарын, сондай-ақ Астана мен Рим арасындағы байланыстарды нығайтуды жалғастыратынына сенемін", - делінген құттықтауда.

Италия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және бүкіл елімізге бақ-береке тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны