05.05.2015, 18:52 3804

Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Қазақстан Президенті болып сайлануына байланысты Молдова Республикасыныӊ Президенті Николае Тимофтидіӊ құттықтау жеделхаты

Молдова Президенті Қазақстан азаматтарыныӊ ерік-қалауы мен сайлауда қол жеткізілген нәтиже Қазақстан қоғамын реформалауды жалғастыру және республиканы әлемдік қоғамдастықпен ықпалдастыру жолымен ілгерілету бағытында жүргізіліп келе жатқан елдегі саясатты қолдаудыӊ дәлелі екенін атап өткен.

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - Н.Тимофти Нурсұлтан Назарбаевтыӊ президент сайлауындағы айқын жеӊісіне байланысты шын жүректен құттықтайтынын жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Молдова Президенті Қазақстан азаматтарыныӊ ерік-қалауы мен сайлауда қол жеткізілген нәтиже Қазақстан қоғамын реформалауды жалғастыру және республиканы әлемдік қоғамдастықпен ықпалдастыру жолымен ілгерілету бағытында жүргізіліп келе жатқан елдегі саясатты қолдаудыӊ дәлелі екенін атап өткен. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Жоғары мемлекеттік лауазымдағы Сіздіӊ қызметіӊіз Қазақстанныӊ одан әрі өсіп-өркендеуіне және екі елдіӊ де халқыныӊ игілігі үшін өзара тиімді Молдова-Қазақстан ынтымақтастығыныӊ өрістеуіне септігін тигізеді деп нық сенім білдіремін", - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Н.Тимофти Қазақстан Президентін ресми сапармен Молдоваға келуге шақырып, сапар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастар аясын кеӊейтуге және оны тереӊдете түсуге елеулі серпін береріне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Молдова Президенті мықты денсаулық, жоғары мемлекеттік қызметте табыс, ал Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны