30.09.2020, 21:32 11286

Оқу жылының басынан бері оқушылардың арасында КВИ-дың 104 жағдайы тіркелді

Эпидемиологиялық жағдай туралы

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Эпидемиологиялық жағдай туралы

ҚР ДСМ желісі бойынша

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді.

Сонымен, 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 107 908 науқас тіркелген, соңғы тәулікте COVID-19 оң нәтижесімен 75 адам тіркелген, 1 731 қайтыс болды. Коронавирустық инфекцияның 32 799 ықтимал жағдайы тіркелді (ПТР-), оның ішінде 353 адам қайтыс болды.

Оқушылар арасындағы сырқаттанушылық.

Оқу жылының басынан бері оқушылардың арасында КВИ-дың 104 жағдайы тіркелді, оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 331, байланыста болған 550 адам анықталды, олардың ішінде 7 жағдай анықталды.

Қашықтықтан оқитын балалардың арасында 71 жағдай анықталды, оның ішінде 240 байланыс, 15 жағдай анықталды.

Бұл ретте офлайн режимде 100% оқу жағдайында байланыста болғандардың саны кем дегенде 1500 адамға дейін өсіп, оқушылар, мектеп персоналы және отбасы мүшелері арасында сырқаттанушылықтың ықтимал таралуына әкеп соқтыратынын атап өткім келеді.

Осыған байланысты, аумақтардың әкімдері білім беру ұйымдарында санитариялық-дезинфекциялық, маска режимін, сыныптардың толықтырылуын және КВИ профилактикасының өзге де белгіленген шараларын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуі қажет.

Біз эпидемиологиялық жағдайды матрицаға сәйкес бағалауды жалғастырамыз және 30 қыркүйектегі жағдай бойынша бағалауды жалғастырудамыз, қызыл және сары аймақтарда өңірлер жоқ, ел бойынша жағдай тұрақты, барлық өңірлер жасыл аймақта.

Сонымен бірге, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, біз халықтың сақ болу деңгейі әлсіреп бара жатқанын көріп отырмыз, маскаларды кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша шаралар әрдайым сақталмайды, бұл сырқаттанушылықтың таралуына, оның ішінде тәуекел тобындағы адамдардың арасында таралуына және тиісінше бүгінгі күні әлемнің көптеген елдерінде болып отырғандай, Қазақстанда карантиндік режимді қатаңдату қажеттілігіне алып келуі мүмкін.

Рейдтердің нәтижелері карантин режимін әлсірету сәтінен бастап карантинді бұзу 30,4%-дан 40,7%-ға дейін ұлғайып жатқанын көрсетті. 10 өңірде карантинді бұзу санының өсуі байқалады.

Сондай-ақ азаматтардың бұзушылықтары да азаймай отыр. 17 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін әкімшілік жауапкершілікке 1221 адам, 5- 27 қыркүйек аралығында 1131 адам тартылды.

Осыған байланысты, аумақтардың әкімдері объектілерде және халық арасында карантиндік және маскалық режимдердің сақталуына бақылауды күшейтуі, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруы қажет.

Шетелдердегі жағдайдың нашарлауын ескере отырып, инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында 5 қазаннан бастап мыналар ұсынылады:

?басқа елдермен әуе қатынастарын қалпына келтіруді тоқтата тұру;

?әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейстер санын ұлғайтпау;

?Түркияға ұшулардың санын азайту.

Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін (қазіргі уақытта бұл әуе қатынасы жаңартылған барлық елдер) мынадай міндетті талаптар белгіленсін:

термометрия, сауалнама, алынған күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен COVID-19-ға тексеру туралы анықтаманың болуы.

Анықтама болмаған жағдайда келгендер карантиндік стационарда COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін оқшауланады.

Осыған ұқсас талаптарды ЕАЭО елдерімен және Өзбекстанмен автоөтпе жолдардағы өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға қолдану ұсынылады.

Осыған байланысты, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдеріне: Мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарында карантиндік стационарларды ашуды және келетін адамдарды тестілеуді қамтамасыз етуді тапсыруыңызды сұраймын.

Бұдан басқа, инфекцияның таралуын болдырмау және аурудың ықтимал өсуіне дайындалу үшін мынадай шаралар қабылданады.

Біріншісі: дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар жедел шаралар қабылданды.

Өңірлер 14 млрд. теңге сомасына 91 дәрі-дәрмек атауы бойынша қосымша қажеттілікті мәлімдеді.

COVID-19 бойынша 11,4 млрд теңгеге екі айлық ДЗ қоры құрылды (төмендетілмейтін қор), қазірдің өзінде 82% тиеп жөнелтілді.

Барлық өңірлерде барынша сұранысқа ие дәрілік заттар бойынша жалпы сомасы шамамен 13 млрд теңгеге тұрақтандыру қорлары құрылды.

Амбулаториялық деңгейде препараттар тізбесі кеңейтілді, ДЗ-ның 5 атауын қамтитын COVID-19 нозологиясы енгізілді.

Үйде коронавирустан емделу үшін жыл соңына дейін 1 млн.пациентке тегін дәрі-дәрмек көзделген.

Сондай-ақ халықтың осал топтарын вакцинациялау үшін тұмауға қарсы вакцинаның 2,2 млн.дозасы сатып алынды, вакцинациялау 15 қыркүйекте басталды, бүгінгі күні шамамен 1 млн. адам немесе тиісті халықтың 44%-ы егілді.

Елдің COVID-19-ға қарсы вакцинаға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін біз вакцинацияланатын қауіп топтарын айқындадық. Бұл созылмалы аурулары бар, 60 жастан асқан адамдар, медицина қызметкерлері мен педагогтар.

Республика бойынша алдын ала тиісті адамдардың саны 2,8 млн.адамды немесе бүкіл халықтың 15% - ын құрайды.

Екінші: ағымдағы жылдың қазан айының саңына дейін 11 облыс орталығы мен Алматы қаласында 3 100 төсектік 13 модульді инфекциялық аурухананы салуды аяқтау, сондай-ақ екі объектіні жөндеу жоспарлануда.

Үшінші: Қазіргі уақытта инфекциялық және провизорлық стационарларда 3 379 ӨЖЖ аппараты бар, қосымша 2 619 бірлік, оның ішінде 1 500 отандық өндірістегі аппарат сатып алынады.

ҚР-да 21 мыңнан астам төсек-орын оттегімен қамтамасыз етілген, қазан айының соңына дейін қосымша 9 мыңнан астам төсек-орын қамтамасыз етіледі.

Төртінші: аудандық ауруханаларды қосымша жабдықтау үшін 11 өңірде қолда бар 132-ге қосымша отандық өндірістегі 53 рентген аппараты сатып алынады.

Жедел медициналық көмек қызметін 2020 жылы 1 167 санитариялық автокөлікпен жабдықтау жоспарлануда, оның ішінен 360-ы қосымша сатып алуда.

Ауыл халқының медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру 100 жылжымалы медициналық кешенді сатып алу есебінен жүзеге асырылатын болады. Оларды өңірлерге жеткізу ағымдағы жылдың қазанның ортасына дейінгі мерзімде күтілуде.

Жылыту маусымына әзірлік туралы

ҚР ЭМ желісі бойынша

Еліміздің Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен сенімді жабдықтау мақсатында энергетикалық кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы жалғасуда.

Жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес электр станцияларындағы 5 энергоблок (63%), 31 қазан (53%), 22 турбина (50%) жөнделді.

Ал 3 энергоблок, 28 қазан мен 22 турбинаны жөндеу жұмыстары әлі де жүргізілуде.

Аталған электр станцияларындағы жөндеу жұмыстары биылғы жылыту маусымының уақтылы басталуына әсер етпейді.

Жөндеу жұмыстарын кешіктіру, негізінен, төтенше жағдай мен карантин кезеңінде шетелден қосалқы бөлшектерді жеткізу кідірісімен және жөндеу жүргізетін мамандардың басқа елдерден Қазақстан Республикасының аумағына келуіне қойылған шектеулермен байланысты.

Электр желілері бойынша жалпы ұзындығы 25 828 км электр беру желілерін, сондай-ақ 439 бірлік жоғары вольтты кіші станцияларды жөндеу жоспарланған.

Бүгінгі таңда 25 152 км электр беру желілері мен 428 кіші станция жөнделді, бұл жылдық жоспардың 97 пайызын құрайды. Электр желілерін жөндеу бекітілген кестелерге сәйкес аяқталуы жоспарлануда.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 457 орталықтандырылған жылумен жабдықтау қазандықтарын жылыту маусымына дайындау үшін 1149 қазанның 1132-сі жөнделді, бұл жылдық жоспардың 98,5 пайызын құрайды.

Электр станцияларында қажетті отын жинақтау жалғасуда. Энергия көздері қоймаларындағы көмір қоры 4,5 млн.тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 7 пайызға артық, ал мазут - 104 мың тонна, бұл өткен жылғы деңгейден 3 пайызға артық.

Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіндегі қазандықтардың отын қоймаларында 1 млн. 41 мың тонна көмір, 35,5 мың тонна мазут жинақталған, бұл бекітілген нормаларға сәйкес келеді.

Биылғы жылдың қыркүйегінде Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес 237 мың тонна көлемінде "2020-2021 жж. күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге мазут жеткізу бойынша мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі ресурс ұстаушыларына облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын бекіту кестесін" қабылдады. Бұл ретте жылыту кезеңіне ұсынылатын "әлеуметтік мазут" бағасы МӨЗ зауыттарында 1 тоннасы үшін қосымша құн салығын қоса алғанда 58 000 теңге деңгейінде болады.

Бүгінгі күн тәртібіндегі маңызды мәселе - энергия өндіруші кәсіпорындардың отын үшін кредиторлық берешегі.

Ағымдағы жылғы 28 қыркүйегі жағдайында энергия өндіруші ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы берешегі 4 млрд 600 млн. теңгені құрады (2019 жылғы қыркүйекте берешек 5 млрд. 512 млн. теңгені құрады).

Сондай-ақ, энергия өндіруші ұйымдардың "Богатырь-Көмір" серіктестігі алдында жалпы сомасы 3 млрд. 562 млн. теңге берешегі бар (2019 жылғы қыркүйекте берешек 169 млн. теңгені құрады).

Қарыздарды жою бойынша тиісті жұмыстарды жүргізудеміз.

Жылыту маусымына дайындыққа жүргізілген талдау ағымдағы жылыту маусымын өткізуге ерекше назар аударатын бірқатар өңірлерді анықтап отыр, осы мәселеге Сіздің назарыңызды және өңір әкімдерінің назарын аударғым келеді.

Батыс Қазақстан облысы

БатысҚазЭЖТК өңірлік электр желілік компаниясының электр желілерінің техникалық жағдайына ерекше көңіл бөлу қажет. Кәсіпорынды қаржыландыру проблемалары Батыс Қазақстан облысының электр желілерін толық көлемді жөндеуге, жаңғыртуға және реконструкциялауға мүмкіндік бермейді. Желілер тозған. Электр желілерін сенімді басқаруға алған Компания міндеттемелерін іс жүзінде қажетті деңгейде орындамай отыр.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысы Шет ауданының тұтынушыларына электр энергиясын беруді және таратуды жүзеге асыратын "Шет Энерго" серіктестігі қызметіне қатысты Энергетика министрлігіне тұрғындардан көптеген шағымдар келіп түсуде.

"Шет Энерго" серіктестігін тексеру нәтижелері бойынша, электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын электр желілерін пайдалану және олардың техникалық жағдайы бөлігінде бұзушылық анықталды. Бұған қоса, Серіктестік энергия беруші ұйымдарға қойылатын заңнама талаптарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты, тексеріс материалдары құзыреті бойынша шаралар қабылдау үшін Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне және Қарағанды облысының прокуратурасына жолданды.

Соңғы бірнеше жыл қатарынан қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайына байланысты "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының 2-ші жылу электр орталығының қазандықтары авариялық жиі ажыратылып отырды, соның салдарынан Теміртау қаласының тұрғындарын жылумен жабдықтау кестесі бұзылды.

Өткен жылыту маусымында осы 2-ші жылу электр орталығында температуралық режимді сақтамау бойынша 17 жағдай тіркелді.

Нұр-Сұлтан қ.

2020-2021 жж. жылыту маусымында қаланың жылумен жабдықтау жүйесі жұмысының режимдік картасына талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы жылу энергиясының тапшылығын жабу үшін 2020 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру жоспарланған №8 қазандық агрегаты мен 2-ші жылу электр орталығы №6 ст. турбинасын пайдалануға беру қажет екенін көрсетті.

Жоғарыда көрсетілген агрегаттар уақтылы пайдалануға берілмеген жағдайда, жылу энергиясының тапшылығы болады.

Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне тұтынушыларды энергиямен сенімді және үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында 1-ші және 2-ші жылу электр орталықтарындағы 1-ші іске қосу кешендерін пайдалануға беруді жеделдету қажет деп санаймыз.

Түркістан облысы

"Кентаусервис" кәсіпорны Кентау жылу электр орталығының жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға көңіл бөлу қажет. Орталықты жөндеу жұмыстарына жалпы 1 млрд. 844 млн. теңге жоспарланған болатын, оның ішінде тек 479 млн. теңге бөлінді, бұл жөндеуге талап етілетін қаржы қаражатының 26 пайызын ғана құрайды.

Облыс әкімдігінің қажет қаражат бөлуіне назарын аударамыз.

Ағымдағы жылыту маусымы Нұр-Сұлтан қаласында (22 қыркүйектен), Ақмола (21 қыркүйектен), Батыс Қазақстан

(21 қыркүйектен), Павлодар (16 қыркүйектен), Солтүстік Қазақстан (18 қыркүйектен), Шығыс Қазақстан (25 қыркүйектен), Қостанай (25 қыркүйектен) және Қарағанды (28 қыркүйектен) облыстарында басталды.

Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап Ақтөбе және Атырау облыстарында жылыту маусымын бастау жоспарланып отыр.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жылыту маусымын 15 қазаннан бастау жоспарлануда.

Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдарға коронавирус инфекциясы жағдайына байланысты жылыту маусымын алдын ала бастау туралы ұсыныс берді.

Ағымдағы жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша, күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын алуға міндетті 293 энергетикалық кәсіпорынның 136-сынан материал келіп түсті.

Әзірлік паспортын қарау жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша 67 энергия кәсіпорны әзірлік паспортын алды, 69 материал қаралуда. Бүгін әзірлік паспорттарын алуға арналған өтініштерді қабылдаудың соңғы күні екенін әріптестерімнің қаперіне беремін.

Энергия кәсіпорындарының әзірлік паспорттарын алуға арналған материалдарды ұсынбауының негізгі себептерінің бірі - әкімшілік айыппұл мөлшерінің төмендігі. Энергетикалық кәсіпорындар күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық шараларына шығындалғанша, айыппұл төлеген жеңіл де ыңғайлы деп санайды.

Энергетика және Әділет министрліктеріне энергетикалық кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын алмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату мәселесін пысықтауды тапсыруыңызды сұраймыз.

ҚР ИИДМ желісі бойынша

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін жылу беру маусымына дайындауға қатысты

Алдағы жылу беру маусымына сапалы және уақтылы дайындалу мақсатында Министрлік жергілікті атқарушы органдармен 2020-2021 жылдардағы жұмыс жоспарын бекітті, бекітілген жоспарға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне:

?2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің 100 пайыздық дайындығын қамтамасыз ету;

?2020 жылғы 15 қазанға дейін барлық коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала объектілерін, тұрғын үйлерді дайындауды аяқтау және барлық автономды жылу көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Білім беру объектілерін дайындауға қатысты

Бүгінгі күні 11 158 білім беру объектісі жылу беру маусымына дайын, бұл 99,6% (жоспар бойынша 11 201 объект);

Білім беру объектілері бойынша Батыс Қазақстан облысында (95,2 %) дайындық қарқыны төмен екені байқалады.

Денсаулық сақтау объектілерін дайындауға қатысты

Жылу беру маусымына денсаулық сақтау объектілерінің 99,2% дайын, бұл 5 963 объект (жоспар 6 007 объект).

2 өңірде объектілердің жылыту маусымына дайындығы төмен екені байқалады: Батыс Қазақстан облысында (90,7 %) және Шымкент қаласында (93,6 %).

Тұрғын үйлерді дайындауға қатысты

Жөндеу жоспарланған 47 653 тұрғын үйдің 46 561 немесе 97 % дайындалды.

3 өңірде объектілерінің дайындық қарқыны төмен екені байқалады.

Ауа райының нашарлауына және суықтың ерте түсуіне байланысты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жылу беру маусымы мерзімінен бұрын басталды.

Қалған өңірлерде 15 қазанға дейін жылу беру жоспарланған.

Жылу көздеріне қатысты

Жергілікті атқарушы органдар 10 662 қазандықты дайындады, бұл 98,6 %.

Қалған 143 автономды қазандық бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Батыс Қазақстан облысында (85,7%) жұмыс қарқыны төмен екені байқалады.

Жылу желілерін дайындауға қатысты

Ағымдағы кезеңге жоспарланған 5038 км жылу желілерінің 5 024 км немесе 99,1 % жөнделді.

Батыс Қазақстан облысының (73,1%) дайындығы төмен екені анықталды.

Әкімдіктер инженерлік инфрақұрылымды, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді жылыту маусымына уақтылы дайындауды күшейтуі қажет, әсіресе бұл денсаулық сақтау және тұрғын үй объектілеріне қатысты.

Сумен жабдықтау және су бұру желілерін дайындауға қатысты

Жөндеуге жоспарланған 14 213 км сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымының 14 089 км немесе 99,1% жөнделді.

Түркістан 72,3 % және Батыс Қазақстан облыстарында 58% жұмыс қарқыны төмен.

Автономдық қазандықтар үшін отын дайындауға қатысты

Алдағы жылыту маусымына отын қажеттілігі 1237 мың тонна көмір мен 214 мың тонна мазутты құрайды.

Бүгінгі күні 1 139 мың тонна көмір (92%) және 144 мың тонна мазут (67 %) дайындалды.

Қазандықтар үшін мазутты сатып алудың қарқыны Ақмола - 2,3 %, Жамбыл - 7,8 % облыстарында төмен екені байқалады.

Әкімдіктер автономды қазандықтар үшін отынды уақтылы сатып алу және әкелу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауы қажет.

Көмір өндіру және жөнелту туралы

Көмір өндіруші компаниялар 2020 жылдың 8 айында 69 млн. тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне сәйкес келеді.

Көмірді экспорттау 18,5 млн. тоннаны құрады.

2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар мен халыққа арналған көмір тұтыну көлемі шамамен 10 млн. тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 млн. тонна, тұрғындар - 7,2 млн. тонна болады.

Коммуналдық-тұрмыстық және халықтың қажеттілігіне көмірді дайындау туралы

2020 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы жоспарға сәйкес көмір қорымен (2020 жылғы 1 мамырдан 2021 жылғы сәуірге дейін) коммуналдық-тұрмыстық сектор 76%, тұрғындар 65% қамтамасыз етілді.

Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған және тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр.

Жылу беру маусымына дайындық басталғаннан бастап ағымдағы жылдың 1 мамырынан осы күнге дейін теміржол көлігімен 22,1 млн. тонна көмір тасымалданды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштен 0,4 %-ға артық (2019 жылы - 21,2 млн. тонна).

Темір жол көлігінің паркі қажеттілікті толық қамтамасыз етеді.

Дебиторлық берешекке қатысты

Коммуналдық қызмет бойынша берешек өсіп кеткеніне көңіл аудару қажет.

Бүгінгі күні коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 17 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылдың өзінде дебиторлық берешек 3,4 млрд. теңгеге артты. 5 аймақта өсім байқалады.

Бұл монополистердің сапалы және уақытылы қызмет көрсетуіне әсер етеді.

Жалпы жылу беру маусымына дайындық бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіліп жатыр және тұрақты бақылауда.

Алдағы жылу беру маусымына уақытылы дайындалу мақсатында әкімдіктер:

?ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін барлық объектілерді дайындауды толығымен аяқтауы, барлық автономды жылу көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз етуі;

?коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешекті азайтуы және ағымдағы берешектің өсуіне жол бермеу бойынша жұмысты жандандыруы және шаралар қабылдауы;

?халықтың арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында өңірлерде көмір жеткізушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасауы;

?тұрақты негізде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар үшін және халыққа көмір жеткізу бойынша мониторинг жүргізуі қажет.

Интернетке кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері туралы

ҚР ЦДАӨМ желісі бойынша

Қазіргі уақытта барлық қалалар және 4 500ден астам ауыл әр түрлі технологиялар бойынша Интернетпен қамтамасыз етілген.

Жылдың соңына дейін жалпы 5200ден астам елді мекенге интернет жеткізіледі.

Интернет желісін дамыту үшін елімізде екі ауқымды жоба іске асырылуда.

Бірінші проект бұл ГЧП механизмі арқылы оптикалық интернетті тарту.

Жоба бойынша 2,4 млн. адам тұратын 1260қа жуық ауылға Интернет желісі тартылуда. Егер 2018 жылы 56 ауылға оптикалық линия тартылса, биылғы жылы 944 ауыл қосылуда.

Бұл жобаға 75 млрд тенгеге жуық инвестиция тартылды.

Жоба аясында 3 700 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелерге байланыс жеткізілді.

Екінші жоба 250 адамнан көп тұрғыны бар 928 ауылды 3G және 4G, FWA технологиясы бойынша мобильді Интернетпен қамтуды көздейді.

Қазіргі уақытта 72-сі мобильді Интернетпен қамтамасыз етілген.

Бұл жобаның орындалуы үшін операторлар төлейтін арнайы салық төлемдері төмендетілуде. Тиісті нормалар Мәжілістің екінші қарастыруынан өтті.

Жоба аясында операторлар "Шеринг" шартына қол қойып, бір бірінің базалық станцияларын пайдалана алады.

Сондай-ақ, мобильді байланыстың базалық станцияларын оптикаға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы екі жобада шектелмей, операторлар оптиканы ауыл үйлеріне тартуда.

Мысалы, жеке инвесторлар "Транстелекоммен" біргіп Жамбыл облысында 50 ауылда 10 мыңнан астам үйге тіркелген интернетті тартуда.

Басқа өңірлердің әкімдеріне бұл мысалды іске асыруды сұраймыз.

Қазіргі уақытта адамдардың радиофобтық қорқуы бар.

Мысалы, Family Village кешенінде 2-3 тұрғынының арызы бойынша базалық станция алынып, интернетке қолжетімділік тоқтатылды.

Одан кейін жақын жерден қайтадан байланыс операторы базалық станцияны орнатуға мәжбүр болды.

Бірақта, бүгінгі таңда интернет газ, электроэнергия, су сияқты бірінші қажеттілікке айналды.

Сол себептен біз біраз заңнамалық өзгерістер жасаудамыз, бұлар:

1) кондоминимумдерге байланыс объектілерін алып тастауға тыйым салу

2) жаңа үйлерге пайдалануға беру алдында міндетті түрде оптика желісімен қамтамасыз ету,

3) интернеттің жылдамдығы туралы качестволық талаптар орнату

4) оптикалық трансмиссияға кіші операторларға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Жалпы мемлекеттік органның ролін күшейтетін боламыз.

Интернет сапасы халықтық бақылау жүргізу үшін Bailanys.bar. сервисі іске қосылды.

Қазіргі уақытта 50 мыңнан астам адам қолданды.

Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау мақсатында 17 жылжымалы өлшеу кешендері сатып алынуда.

Нәтижесінде, халықтық және мемлекеттік бақылаудың деректері бір жуйеге жиналып, ары қарай операторлармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие боламыз.

Оқу жылы басынан Онлайн оқуға арналған арнайы Білім тарифі ашылды.

600 отандық білім беру ресурстарына лимитсіз қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақыттағы бұл тариф арқылы өткен құнсыз трафик көлемі 118 мың Гб құрайды.

Қазіргі уақытта министірлік ауылдарда телефония және пошталық қызметтерді субсидияландырады.

Біз бұдан әрі қаражаттарды интернет қызметтерін субсидияландыруға этап бойынша бағыттаймыз.

Нәтижесінде бұл ауылдарда ауыл адамдарына заманауи қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Транзиттік потенциалды дамыту шеңберінде Транстелеком және Азертелеком компаниялары

Каспий теңізінің түбі бойынша секундына 4-6 терабит жылдамдықты желісін құрастыруда.

Бұл жоба 2021 жылдың соңына жоспарланған.

5G ұялы байланыс стандартын еңгізу бойынша НұрСұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 11 тестілік сынақ жүргізді.

Керекті жиілік диапазондарын босаттық. Ары қарай операторларға тарату механизмі қарастырылады.

Сонымен, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкен қалаларында 5G желілері 2022 жылы іске қосылады. Ал облыстық орталықтарда 2025 жылға дейін жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны