12.02.2008, 18:01 3112

Облыстық соттың алқасы Қарағанды қаласының бұрынғы әкіміне қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды

Облыстық соттың алқасы Қарағанды қаласының бұрынғы әкіміне қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды

Қарағанды. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Облыстық соттың алқасы Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Юрий Литвиновқа қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұрынғы әкімге саябақ аймағындағы мемлекеттік жер телімдерін заңсыз сатқан, өткен ғасырда жапондық әскери тұтқындар салған және сәулет өнерінің ескерткіші болып табылатын жазғы театрдың ғимаратын бұзуға рұқсат берген деген айыптар тағылған. Қылмыстық іс материалдары жеті томнан тұрады. Ю. Литвинов өзінің айыбын мойындаған жоқ.

Осы жылдың 12 маусымында Қарағанды аудандық соты бұрынғы қала әкімін ақтап шығарды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша : 308 (Билігін асыра пайдалану), 314 (қызмет бабындағы жалғандық ) және 315 бабы (қызмет барысындағы әрекетсіздік) бойынша айып тағылды.

Алайда прокуратура бұл шешімге қарсылық білдіріп, іс сотқа қайта жіберілді. 19 желтоқсанда Қарағанды аудандық соты қаланың бұрынғы әкімі Ю. Литвиновты үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Бұрынғы әкім ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша : 308 баптың 4-ші тармағының "в" тармақшасы (өз пайдасы үшін билігін асыра пайдалану), 314 бабы (қызмет бабындағы жалғандық ) бойынша айыпты деп танылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны