06.06.2014, 23:18 2907

ӨДМ тұрғын үй құрылысы жинағы жүйесінің даму болашағын талқылады

ҚР Өңірлік даму министрлігінде ведомство басшысы Болат Жәмішев пен Баушпаркассе Швебиш Халль неміс ипотекалық банкінің жетекшілігімен кездесуі өтті.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. ҚР Өңірлік даму министрлігінде ведомство басшысы Болат Жәмішев пен Баушпаркассе Швебиш Халль неміс ипотекалық банкінің жетекшілігімен кездесуі өтті.

Кездесуге "БШХ" Басқарма мүшесі Клаус Оскар Шмидт, "БШХ" "Шетелдік нарықтар" бөлімінің жетекшісі Михаэль Дорнер, "БШХ" жобалық бюросының жетекшісі Лидия Кливер, архитектура, қала құрылысы департаменті жетекшілері мен "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Өңірлік даму министрлігі.

"Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету саласының маңызын ескерсек, менің ойымша, бүгінгі шара елдер арасында тәжірибе алмасуда пайдалы және тиімді болмақ", - дейді Болат Жәмішев.

Кездесу барысында тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесінің даму мәселесі, бәсекелесітк орта мен өсу мүмкіндігі талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны