17.09.2009, 16:54 2878

Офицерді өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды - Бас әскери прокуратура

Офицерді өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды - Бас әскери прокуратура

Астаан. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Офицерді өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 13 қыркүйегінде 65229 әскери бөлімнің аға лейтенанты Мұхамедиар Қалыбайұлы Айтмағамбетовтың қасақана күш қолданып өлтіру белгілері бар мәйітінің табылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96- бабының 2-тармағы, "д" тармақшасымен (аса қатыгездікпен өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

"Офицер М.Айтмағамбетов 12 қыркүйекте 16 патроны бар тапаншамен тренажер бойынша кезекшілікке, яғни тәуліктік нарядқа түскен. Алайда 13 қыркүйекте ол белгіленген уақытта әскери басшылыққа кезекшілігімен қаруын өткізуге келмеген.

Өткізілген шаралардан соң Айтмағамбетов тренажер залының еденінің астында мойнынан бауыздалған күйде табылған",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Бас әскери прокуратураның хабарлауынща, сол күні оны ауыстыруы тиіс капитан Раушанбек Жарқынбек әскери бөлімді тастап кеткен.

"Алғашқы жүргізілген тергеу амалдары Раушанбектің қызметтесін өлтіріп, табельді қаруын алып кетті деп сезіктенуге негіз береді. Қазіргі кезде сезіктіні ұстауға арналған шаралар қабылданып жатыр",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны