28.09.2015, 17:55 4261

Офицерлерді аттестаттау жаӊа үлгіде өтетін болады

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімініӊ базасында офицерлер құрамын аттестаттаудыӊ пилоттық жобасы іске асырылды. Оны ҚР ҚМ Кадрлар департаментініӊ мамандары әзірледі және тікелей аттестатталатын офицердіӊ командирі жауап беретін 80 сұрақтан тұратын жүйе негізінде құрылған

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімініӊ базасында офицерлер құрамын аттестаттаудыӊ пилоттық жобасы іске асырылды. Оны ҚР ҚМ Кадрлар департаментініӊ мамандары әзірледі және тікелей аттестатталатын офицердіӊ командирі жауап беретін 80 сұрақтан тұратын жүйе негізінде құрылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сұрақтар аттестатталуышыныӊ білім деӊгейі мен кәсіби дағдысы, оныӊ әскери тәртібі және тіпті отбасы мен тұрмыстағы мінез-құлқы туралы мәліметтерден тұрады. Жауаптар бес балдық шәкіл бойынша қойылады. Одан кейін барлық бағалар бірыӊғай рейтингке қорытындысы шығарылады. Соған бағдарлана отырып, ҚР ҚМ кадрлық қызметі жоғары әскери лауазымға және атаққа ұсыну үшін қажет офицердіӊ біліктілігініӊ сәйкес келуі, қабілеттілігі мен әлеуетініӊ болуы туралы толық сипаттама қалыптастырады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Мамандардыӊ пікірінше, аталған жоба офицерлердіӊ шынайы және әлеуетті мүмкіндіктері туралы анағұрлым дәйекті мәлімет алуға мүмкіндік береді және сөзсіз, жеке құрамныӊ кәсіби тұрғыда өсуіне ықпал етеді. Бағалаудыӊ мұндай жүйесі бірнеше жылдар бойы Түркия мен АҚШ-тыӊ Қарулы Күштерімен сәтті іс жүзінде қолданылып жүр. Елімізде офицерлер құрамыныӊ кезекті аттестатталуы шеӊберінде Құрлық әскерлері мен Иуе қорғанысы күштерініӊ төрт әскери бөлімініӊ базасында алғаш рет сынамаланды.

Осы жылы Қарулы Күштердіӊ офицерлер корпусыныӊ жоспарлы аттестатталуы 2015 жылғы қаӊтардыӊ 12-і мен қарашаныӊ 1-і аралығында екі кезеӊде өтетінін естеріӊізге сала кетейік. 2015 жылғы қаӊтардыӊ 12-і мен маусымныӊ 1-і аралығында батальон (дивизион), бөлім командирлері және олардыӊ орынбасарлары лауазымдарында әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер, сондай-ақ қызметте және жеке мінез-құлқында елеулі кемшіліктері бар офицерлер өтті. Екінші кезеӊде 2015 жылғы маусымныӊ 1-нен қарашаныӊ 1-не дейін барлық қалған офицерлер құрамы аттестаттаудан өтетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны