05.11.2019, 15:27 2660

"Охотзоопром" қызметкерлерінің браконьерлікке қатысы қатысы бары анықталды

Осы қылмыстан мемлекетке келтірілген шығын 1 млрд 435 млн-нан астам теңгені құрады.

Нұр-Сұлтан. 5 қараша. Kazakhstan Today - Полицейлер браконьерлер тобының қорықтағы 154 бас ақбөкенді ату әрекетіне қатысы барын дәлелдеді.

Қылмыс осы жылдың наурызында тіркелген болатын. "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" РМҚК директорының полицияға хабарлағанындай, 17 наурызда қорық аумағының ішінде атып өлтірілген және мүйіздері кесілген 154 ақбөкен өлексесі табылды.

Осы қылмыстан мемлекетке келтірілген шығын 1 млрд 435 млн-нан астам теңгені құрады.

Ақбөкендерді ату фактісі тіркелді және ҚР ҚК-нің 337-бабының 5-бөлігі (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды

Қылмысқа сирек кездесетін және жойылу алдында тұрған аң түрлері мен ақбөкендерді қорғауға міндетті "Охотзоопром" РМҚК өңірлік филиалының қызметкерлерінің қатысы бары анықталды. Тергеу барысында кәсіпорынның екі қызметкері кедергісіз атуды ұйымдастырған және олардың екі танысыақбөкендерді атқаны анықталды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары өлтірілген жануарлардың мүйіздерін сатып алған адамды анықтады, ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Оның гаражынан Рессей Федерациясы аумағына контрбандалық жолмен тасымалдау және одан әрі ҚХР-на сату үшін дайындалған, арамен кесіп алынған ақбөкендердің мүйіздері табылып, алынды.

Браконьерлерге ҚР ҚК-нің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу)бойынша кінә тағылды.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны