18.02.2014, 20:08 3594

Оқиға орнында шекарада көзге түскен контрабандашылар олардың жолын бөгемек болған шекарашыларға қарсы тас лақтырды

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 17-нен 18-інші ақпанына қараған түні Тараз шекара отрядына қарасты "Сыпатай батыр" заставасының шекарашылары елімізден қырғыз жеріне халық тұтынатын тауарларды артып жатқан бір топ адамды ұстады.

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan today. "Сыпатай батыр" заставасының маңында оқиға орнында шекарада көзге түскен контрабандашылар олардың жолын бөгемек болған шекарашыларға қарсы тас лақтырды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 17-нен 18-інші ақпанына қараған түні Тараз шекара отрядына қарасты "Сыпатай батыр" заставасының шекарашылары елімізден қырғыз жеріне халық тұтынатын тауарларды артып жатқан бір топ адамды ұстады.

"Олар шекарашылардың заңды талаптарына құлақ аспай қарсылық көрсетті.

Нақтырақ айтқанда, алты адамнан тұратын аталған топ "Фольксваген пассат" автокөлігіне 1,5 центнер жүкті тиеп, олардың жолын бөгемек болған шекарашыларға қарсы тас лақтырады. Шекарашылар амалсыздан қару қолданып, аспанға қарата оқ атып, ескерту жасайды. Заң бұзушы қазақстандық екі азамат оқиға орнында ұсталды. Ал топтың қалған мүшелері көршілес елдің аумағына қарай қашып, бой тасалады",- деп хабарлайды мекеме.

Жүк тиелген көлік шекара заставасына жеткізілді, алдын ала ҚР Икімшілік-құқықтық кодексінің 391-1 бабы бойынша іс қозғалды.

Осы күні Орал шекара отрядына қарасты "Шаған авто" өткізу бекетінің шекарашылары 20 килограмм бекіре тұқымдас балықты жасырын өткізуге тырысқан 65 жастағы отандасымызды ұстады.

Ұсталған азамат ГАЗ-33021 автокөлігімен елімізден Ресей жеріне қарай өтіп кетуге тырысты.

Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды, тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны